Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Күнделікті нұр
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.
Римдіктерге хат 8:26–27
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Ол бізді жазылған заңдарға емес, Киелі Рухына негізделген Жаңа Келісімге сай қызмет етуге қабілетті қылды. Жазылған заңдар рухани өлім әкеледі, ал Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.
Қорынттықт. 2-хат 3:6
Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.
Жохан 15:7
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз.
Жоханның 1-хаты 5:14
Сондықтан сендерге айтамын: Құдайдың Рухына кенелген ешбір адам «Исаны қарғыс атсын» дей алмайды, әрі Киелі Рухтың жетелеуінсіз ешкім де «Иса — Жаратқан Ие» деп шын жүректен мойындай алмайды.
Қорынттықт. 1-хат 12:3
түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер!
Ефестікт. хат 5:11
Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! (Былай делінген ғой:) «Араммен араласып жүрген жан Айырылар адал салтынан».
Қорынттықт. 1-хат 15:33
Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 5:6–7
Өткендегі хатымда сендерге «Азғындармен араласпаңдар!» деп жазған болатынмын. Онда мен осы дүниелік азғын, дүниеқоңыз, қарақшы немесе жалған тәңірлерге құлшылық етуші адамдарды ойлаған жоқпын. Әйтпесе бұ дүниеден түгелдей безіп кетуге тиіс болар едіңдер ғой. Алайда өзін сенімдегі бауырласпын деп атағанмен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар.
Қорынттықт. 1-хат 5:9–11
Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап,
Філіпілікт. хат 2:15
Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.)
Тімотеге 2-хат 2:20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 16 жел.
2013 ж. 15 жел.
2013 ж. 14 жел.
2013 ж. 13 жел.
2013 ж. 12 жел.
2013 ж. 11 жел.
2013 ж. 10 жел.

Рухани өсу
Құдай Өз халқынан рухани жеміс беруін күтеді, дәл Өз жүзімдігінен жақсы жүзім күткендей.

Пайғамбарлық
Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…

Бейбітшілік
Шынайы тыныштықтың тек Иса Мәсіхте қалай табылатынын біліңіз. Құтқарылу арқылы Құдаймен тыныштық және Оның…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Шәкірттік
Пауылдың Тімөтеге екінші хаты христиандық қызметте, тіпті көңілсіздікке, қиындыққа және қарсылыққа тап…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…