Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 10 желтоқсан, сейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.

Жохан 10:29

Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.

Тімотеге 2-хат 1:12

Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін:

Тімотеге 2-хат 4:1

Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

Римдіктерге хат 8:37–39

Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.

Қолостықт. хат 3:3

Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.

Жақыптың хаты 2:5

Лайым бізді сүйетін, әрі рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Иеміз Иса Мәсіх пен Құдай Әкеміз жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.

Салониқал. 2-хат 2:16–17

Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.

Жақыптың хаты 1:25

Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. — Олар: — Біз Ыбырайымның ұрпағымыз, ешқашан да біреудің құлы болған емеспіз! Қалайша бізге «азаттыққа жетесіңдер» деп айта аласыз? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы.

Жохан 8:32–34

Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.

Жохан 8:36

Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!

Ғалаттықт. хат 5:1

Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер! Бүкіл Таурат заңын орындау мына бір бұйрыққа саяды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»

Ғалаттықт. хат 5:13–14

Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.

Римдіктерге хат 6:18

Мысалы, тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің тірісінде оны тастап кетсе, бұнысы неке заңына қарсы. Бірақ күйеуі өлсе, әйел оған қосқан заңның ықпалынан босайды.

Римдіктерге хат 7:2

Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.

Римдіктерге хат 8:2

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 9 жел.

    Нақыл сөздер 21:3 · Миха 6:8

  • 2013 ж. 8 жел.

    Ғалаттықт. хат 5:13 · Ғалаттықт. хат 6:1–2

  • 2013 ж. 7 жел.

    Қорынттықт. 2-хат 5:21 · Ишая 53:6

  • 2013 ж. 6 жел.

    Філіпілікт. хат 2:13 · Қорынттықт. 2-хат 3:5

  • 2013 ж. 5 жел.

    Забур жырлары 119:71 · Еврейлерге хат 5:8

  • 2013 ж. 4 жел.

    Әйүп 28:12 · Жақыптың хаты 1:5–6

  • 2013 ж. 3 жел.

    Әйүп 5:8 · Жаратылыстың баст. 18:14

Ұқсас мақалалар

  • Жаңа сенушілерге христиандық жолындағы маңызды нұсқаулар

    Жаңа сенушілер

    Жаңа сенушілер үшін олардың христиандық жолындағы маңызды нұсқаулық

    Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқаулықты табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…

    2023 ж. 10 сәу.·Пол Палмер, ст.
  • Мойындалмаған күнә христианның құтқарылуына әсер ете ме?

    Кешірім

    Мойындалмаған күнә христианның құтқарылуына әсер ете ме?

    Мойындау мен кешірім туралы 1 Жохан 1:9-ды зерттеу, сонымен қатар Құдайға рухпен және шындықпен ғибадат…

    2025 ж. 24 қаң.·Белгісіз
  • Мойынсұнбаушылықтың ауыр салдары: бүйірдегі тікен

    Көтеріліс

    Бағынбаудың ауыр зардаптары: Қабырғаңдағы тікен

    Бағынбаудың ауыр зардаптарын түсініңіз, оны «қабырғаңдағы тікен» бейнелейді. Күнә Құдаймен қарым-қатынасты…

    2026 ж. 14 мау.
  • Римдіктерге 8: Құдайдың әрбір сенушіге арналған керемет уәделері

    Құтқарылу

    Римдіктерге 8: Құдайдың әрбір сенушіге арналған шексіз уәделері

    Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

    2025 ж. 5 қаң.·Джордж Хоук
  • Христиан ізбасары болу деген не?

    Шәкірттік

    Мәсіхші ізбасар болудың шынайы мағынасы неде?

    Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

    2023 ж. 14 қыр.·Тим Хэдли
  • Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Мұса заңы

    Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

    2022 ж. 29 қар.