Иемізге жаңа әнді шырқаңдар, Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар! Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер, Жағалауларды мекендеген елдер,
Ишая 42:10
Күнделікті нұр
Иемізге жаңа әнді шырқаңдар, Жер шетінен Оған мақтау айтыңдар! Теңізде жүзіп жүрген теңізшілер, Жағалауларды мекендеген елдер,
Ишая 42:10
(Асафтың жыры.) Құдай үлкен мәжілісін басқарады, Сонда Ол билерге үкім шығарады: «Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар, Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?
Забур жырлары 81:1–2
Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды, Жаратқан оны елде жарылқайды, Жауларының еркіне беріп қоймайды.
Забур жырлары 40:3
Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».
Ешуа 1:9
Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты.
Нехемия 8:10
Сол қаладағы бауырластар біз туралы хабар алып, «Аппи базары» мен «Үш қонақүй» деген жерлерге дейін келіп, алдымыздан шықты. Пауыл оларды көргенде Құдайға шүкірлік айтып, жігерленіп қалды.
Елшіл. істері 28:15
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық! Күндізге жарасатындай әдетпен өмір сүрейік: шектен тыс той-думанға, маскүнемдікке, неке адалдығын бұзуға, азғындыққа, дау-дамайға әрі күндестікке салынбайық! Одан да Иеміз Иса Мәсіхке беріле түсіп, Оны үлгі етіңдер. Ескі болмыстарыңның күнәлі құмарлықтарын қанағаттандыруды ойлаудан бас тартыңдар!
Римдіктерге хат 13:11–14
Оның алдында тілегімді ақтардым, Қасіретімді Оған түгел аштым.
Забур жырлары 141:2
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Сонда хош иісті заттардың түтіні Құдай халқының мінажаттарымен бірге періштенің қолынан көтеріліп, Құдайдың алдына жетті.
Аян 8:4
сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:5
Құдайға үздіксіз сиыныңдар,
Салониқал. 1-хат 5:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 1 қаң.
2013 ж. 31 жел.
2013 ж. 30 жел.
2013 ж. 29 жел.
2013 ж. 28 жел.
2013 ж. 27 жел.
2013 ж. 26 жел.

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жігерсіздік
Елияның оқиғасы арқылы Құдайдың көңілі түскен жүректерге қалай қызмет ететінін біліңіз. Құдайдың…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Дін қызметі
Құдайдың оң жағында жоғары көтерілген Мәсіхті, біздің Бас діни қызметшімізді ашыңыз. Оның даңқы біздің…