Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 31 желтоқсан, сейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол».

Заңды қайталау 1:31

«Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер.

Мысырдан шығу 19:4

Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.

Ишая 63:9

Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.

Заңды қайталау 32:11–12

Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.

Ишая 46:4

Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.

Забур жырлары 48:14

Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой!

Матай 6:25

Тәңірге мойынсұнбайтындар барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.

Матай 6:32

Бұдан кейін Самуил Миспа мен Шен арасына үлкен тасты ескерткіш ретінде орнатып, оны Әбен-Езер («Көмек тасы») деп атады. Себебі ол: «Осыған дейін Жаратқан Ие бізге көмектесіп келеді!» — деп ризашылығын білдірді.

Патшалықтар 1-ж. 7:12

Ешуаның жасы келіп, қартайған кезінде Жаратқан Ие оған тіл қатып былай деді: — Жасың ұлғайып, қартайып келесің. Ал елдің исраилдіктер иемденбеген жері әлі де көп.

Ешуа 13:1

Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін. Бірақ соның ізіне түсіп, иемденуге тырысудамын. Дәл осыған бола Мәсіх Исаның Өзі мені иемденіп алды ғой.

Філіпілікт. хат 3:12

Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!

Матай 5:48

Сол себептен де мына қасиеттерге кенелуге бар ынталарыңмен ұмтылыңдар: сенімдеріңде ізгілік көрсетіңдер, ал ізгілік көрсеткенде саналылық та танытыңдар, саналылықтарыңда ұстамдылық та молынан болсын! Ал ұстамдылықтарыңда төзімділік, төзімділіктеріңде Тәңір Иеге бағышталғандық, Тәңір Иеге бағышталғандықтарыңда бауырластарыңа деген ізгі ниеттілік, ал ізгі ниеттіліктеріңде шынайы сүйіспеншілік танытыңдар!

Петірдің 2-хаты 1:5–7

Мен Оған сиынып, былай деп тілеп отырмын: сендердің сүйіспеншіліктеріңмен қатар жан-жақты рухани білімдерің мен көрегендіктерің бұдан да арта берсін.

Філіпілікт. хат 1:9

Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.

Қорынттықт. 1-хат 2:9–10

Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.

Еврейлерге хат 4:9

Сендер Патшаны асқан салтанатында өз көздеріңмен көресіңдер. Алысқа созылып жатқан ұлан-ғайыр елге көз саласыңдар.

Ишая 33:17

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 30 жел.

    Қорынттықт. 1-хат 1:8 · Қолостықт. хат 1:21–23

  • 2013 ж. 29 жел.

    Ефестікт. хат 5:17 · Салониқал. 1-хат 4:3

  • 2013 ж. 28 жел.

    Марқа 2:5 · Еремия 31:34

  • 2013 ж. 27 жел.

    Қорынттықт. 2-хат 4:18 · Еврейлерге хат 13:14

  • 2013 ж. 26 жел.

    Қорынттықт. 1-хат 15:58 · Қорынттықт. 1-хат 15:58

  • 2013 ж. 25 жел.

    Титке хат 3:4 · Еремия 31:3

  • 2013 ж. 24 жел.

    Римдіктерге хат 8:13 · Ғалаттықт. хат 5:19

Ұқсас мақалалар

  • Әке Құдай

    Киелі кітап бүгінде Әке Құдай туралы не айтады?

    Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

    2012 ж. 1 мам.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Құдай Патшалығын уағыздау: Бүгінгі күні бұл нені білдіреді?

    Құдай Патшалығы

    Құдай Патшалығын уағыздау: Бүгінде бұл нені білдіреді?

    Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

    2026 ж. 4 мам.·Белгісіз
  • Оның сұлулығындағы Патшаны көріңдер: Мәсіхтің даңқына шолу

    Иса Мәсіх

    Патшаны Өз сұлулығында көріңдер: Мәсіхтің даңқына шолу

    Ишая 33:17-ден шабыт алған бұл діни өлең Даңқ Патшасы Мәсіхтің сұлулығы мен ұлылығын және Оның шіркеуге деген…

    2025 ж. 14 там.·Том Саммерхилл
  • Дәуіттің жүрегі: Оны Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен не?

    Жүрек

    Дәуіттің жүрегі: Оны Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен не?

    Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

    2024 ж. 15 қаз.·Морис Бассали
  • 21-ғасырдағы тірілу кереметі туралы мәлімдемені тексеру

    Кереметтер

    21-ші ғасырдағы тірілу кереметі туралы мәлімдемені тексеру

    Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

    2024 ж. 17 қар.·Джордж Хоук
  • Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Иса Мәсіх

    Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…

    2024 ж. 22 ақп.·Х. А. Айронсайд