Менің өздеріңе былай дегенімді естігенсіңдер: Мен кетемін, кейін сендерге қайтып келемін. Егер Мені шын көңілмен сүйсеңдер, Әкеме барып, құрметке бөленетініме қуанар едіңдер; себебі Әкем Менен ұлы.
Жохан 14:28
Күнделікті нұр
Менің өздеріңе былай дегенімді естігенсіңдер: Мен кетемін, кейін сендерге қайтып келемін. Егер Мені шын көңілмен сүйсеңдер, Әкеме барып, құрметке бөленетініме қуанар едіңдер; себебі Әкем Менен ұлы.
Жохан 14:28
Иса оларға былай деді: — Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер: Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін, Патшалығың осында орнасын! (Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!)
Лұқа 11:2
Иса оған: — Маған жармаспа, себебі Мен әлі де Әкеме көтерілген жоқпын. Одан да бауырластарыма барып, оларға Менің Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа, көтеріліп кететінімді айт! — деп тапсырды.
Жохан 20:17
Бірақ осы дүние Менің көктегі Әкемді сүйетінімді білсін деп Әкемнің тапсырмасын орындаймын. Ал енді тұрыңдар, бұл жерден кетейік! — деп Иса сөзін аяқтады.
Жохан 14:31
Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сенбейсің бе? Сендерге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз байланыстағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр.
Жохан 14:10
Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған.
Жохан 3:35
Себебі Сен Маған берген адамдарыңның бәріне мәңгілік өмір сыйлауым үшін күллі адамзаттың билігін Менің қолыма тапсырдың.
Жохан 17:2
— Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті, — деп өтінді. Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың? Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сенбейсің бе? Сендерге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз байланыстағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр.
Жохан 14:8–10
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
Жохан 10:30
Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер.
Жохан 15:9–10
Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді.
Жаратылыстың баст. 3:15
Оған қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды.
Ишая 52:14
Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.
Ишая 53:5
Күн сайын сіздермен бірге ғибадатханада болғанымда, Маған қарсы қол көтерген жоқсыздар. Ал қазір күндеріңіз туып, қара түнектің күші билігін жүргізіп тұр», — деді.
Лұқа 22:53
Иса оған: — Көктен берілмесе, Маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан Мені ұстап бергеннің күнәсі сіздікінен де үлкен, — деп жауап қайтарды.
Жохан 19:11
Ал кім күнә жасай берсе, сол — шайтанның баласы, себебі шайтан әлем жаратылғаннан бері күнә жасап келеді. Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.
Жоханның 1-хаты 3:8
Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады.
Марқа 1:34
Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
Матай 28:18
Сенушілер Құдайдың құдіретін көрсететін мынадай кереметтерді істемек: олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді.
Марқа 16:17
Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек. Иеміз Иса Мәсіх сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.
Римдіктерге хат 16:20
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 13 қаң.
2014 ж. 12 қаң.
2014 ж. 11 қаң.
2014 ж. 10 қаң.
2014 ж. 9 қаң.
2014 ж. 8 қаң.
2014 ж. 7 қаң.

Магдалалық Мәриям
Мәриям Магдалинаның шынайы тарихын ашыңыз, жалпы мифтерді жоққа шығарыңыз және оның Исаның тірілуінің алғашқы…

Қасиетті Вечер
Исаның айқыштағы азаптары мен өлімінің ерекше аспектілерін зерттеңіз, Оның Әкеге мойынсұнуына және күнә үшін…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Кереметтер
Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

Пальма жексенбі
Пальма жексенбісінің мағынасын және Израильдің Исаны қабылдамауын түсініңіз. Бұл мақала Пурим оқиғасын және…

Шомылдыру рәсімі
«Мейірім мен Ақиқат» журналы сұрайды: Адамды Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың атымен емес, Иса Мәсіхтің атымен…