Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 9 қаңтар, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Себебі бас сауғалар панам болып келесің, Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.

Забур жырлары 60:4

Осылай батыстағылар мен шығыстағылар да Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.

Ишая 59:19

Өмірін сақтауды сұрағанда Өзіңнен Тіпті мәңгілік өмір сыйладың Сен.

Забур жырлары 20:5

— Жаратқан Ие бізді ақтады. Жүріңдер, Сионда Құдайымыз Жаратқан Иенің істеген керемет ісін паш етейік! (— дейді исраилдіктер.) —

Еремия 51:10

Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.

Римдіктерге хат 8:37

Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.

Қорынттықт. 1-хат 15:57

Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.

Еврейлерге хат 2:10

Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!

Ефестікт. хат 6:10

«Бұлар тілдерін садақтай иіп, өтірікті жебедей боратады. Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап, зұлым іс-әрекеттерін жалғастыруда. Ал Мені тіпті танып мойындамайды да, — дейді Жаратқан Ие. —

Еремия 9:3

Сол кезде Саул: «Мен оған қол жұмсамай-ақ қояйын, соны філістірлерге қалдырайын!» деген айлалы оймен Дәуітке: — Тек ерлікпен маған қызмет етіп, Жаратқан Ие үшін шайқаса бер! Саған үлкен қызым Мерабты әйелдікке беремін! — деп уәде етті.

Патшалықтар 1-ж. 18:17

Дегенмен енді нығайып батыл бол, уа, Зоробабел! — дейді Жаратқан Ие. — Сен де нығайып батыл бол, уа, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа! Нығайып батыл болыңдар, уа, елдің бүкіл халқы! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Еңбек етіңдер! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді. — Мысырдан шыққандарында Мен осылай болады деп сендердің ата-бабаларыңмен Келісім жасағанмын. Бұдан былай да Менің Рухым араларыңда тұратын болады. Қорықпаңдар!»

Хаққай 2:4–5

Сендер «төрт айдан кейін егін орамыз» дейсіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр.

Жохан 4:35

Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.

Еврейлерге хат 10:37

Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды, — деді.

Лұқа 10:42

Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар! «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап, Күдік келтіреді көптеген кісілер. Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап, Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.

Забур жырлары 4:6–7

Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы, Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы, Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы! Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың, Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың? Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін, Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?

Забур жырлары 42:1–2

(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Забур жырлары 63:1

Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!

Жохан 6:35

Олар: — Мырза, бізге әрқашан осындай нан беріп тұрыңызшы! — деп өтінді.

Жохан 6:34

Мартаның Мәриям деген сіңлісі бар еді. Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.

Лұқа 10:39

Соларға жасаған қылмыстарына сай, Істеген зұлым істеріне қарай Тиісті жазаларын тартқыза гөр, Лайықты қарымтасын қайтара гөр.

Забур жырлары 27:4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 8 қаң.

    Забур жырлары 9:10 · Нақыл сөздер 18:10

  • 2014 ж. 7 қаң.

    Нехемия 5:19 · Еремия 2:2

  • 2014 ж. 6 қаң.

    Забур жырлары 90:17 · Езекиел 16:14

  • 2014 ж. 5 қаң.

    Еврейлерге хат 4:3 · Еремия 9:5

  • 2014 ж. 4 қаң.

    Заңды қайталау 12:9 · Миха 2:10

  • 2014 ж. 3 қаң.

    Забур жырлары 107:7 · Заңды қайталау 32:10–12

  • 2014 ж. 2 қаң.

    Ишая 42:10 · Забур жырлары 81:1–2

Ұқсас мақалалар

  • Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Азғыру

    Иса Мәсіх, азғырылған тас: Оның сынақтарында ашылған

    Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

    2023 ж. 31 нау.·Майкл и Долли Макари
  • Мойындалмаған күнә христианның құтқарылуына әсер ете ме?

    Кешірім

    Мойындалмаған күнә христианның құтқарылуына әсер ете ме?

    Мойындау мен кешірім туралы 1 Жохан 1:9-ды зерттеу, сонымен қатар Құдайға рухпен және шындықпен ғибадат…

    2025 ж. 24 қаң.·Белгісіз
  • Римдіктерге 8: Құдайдың әрбір сенушіге арналған керемет уәделері

    Құтқарылу

    Римдіктерге 8: Құдайдың әрбір сенушіге арналған шексіз уәделері

    Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

    2025 ж. 5 қаң.·Джордж Хоук
  • Құдай қалай ақылға сыймайтын, бірақ Мәсіх арқылы танылатын?

    Христология

    Құдай қалай түсініксіз, бірақ Мәсіх арқылы танымал?

    Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…

    2026 ж. 11 ақп.
  • Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Мұса заңы

    Заң және христиан: Киелі кітаптағы ілім түсіндірілді

    Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

    2022 ж. 29 қар.
  • Самуил мен Исаны салыстыру: Пайғамбар, діни қызметкер, патша, назарит

    Пайғамбарлық

    Самуил мен Исаны салыстыру: Пайғамбар, діни қызметкер, патша, назарей

    Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

    2025 ж. 23 мам.·Пол Палмер, ст.