Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 7 сәуір, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.

Қорынттықт. 2-хат 6:10

Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз! Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз.

Римдіктерге хат 5:2–3

Өздеріңе деген сенімім зор, сендерді ерекше мақтан тұтамын. Соншама көп азап шексек те, жігерім артып, қуанышым қойныма сыймайды.

Қорынттықт. 2-хат 7:4

Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.

Петірдің 1-хаты 1:8

Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті.

Қорынттықт. 2-хат 8:2

Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді: әлемді жаратқан Құдайдың әуел бастан Өзінде құпия сақтап келген жоспарының қалай іске асырғанын жұртқа ашып беру менің міндетім болды.

Ефестікт. хат 3:8–9

Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.

Жақыптың хаты 2:5

Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.

Қорынттықт. 2-хат 9:8

Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді, Қашан мен Құдайыма бара аламын, Қашан Оның алдында бола аламын?

Забур жырлары 41:3

Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.

Ишая 63:9

Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.

Жохан 11:3

Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.

Қорынттықт. 2-хат 12:9

Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Філіпілікт. хат 4:13

Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.

Қорынттықт. 2-хат 4:16

себебі «Оның арқасында біз өмір сүріп, әрекет жасап, тіршілік етіп жүрміз». Сол сияқты кейбір ақындарыңыз да: «Біз Оның ұрпағымыз» деген.

Елшіл. істері 17:28

Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Ишая 40:29–31

Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының, Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады, Оны жойып құртуға бұйырады,

Заңды қайталау 33:27

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 6 сәу.

    Еврейлерге хат 7:25 · Римдіктерге хат 8:34

  • 2014 ж. 5 сәу.

    Жаратылыстың баст. 32:26 · Ишая 27:5

  • 2014 ж. 4 сәу.

    Аян 1:17 · Еврейлерге хат 12:18

  • 2014 ж. 3 сәу.

    Петірдің 2-хаты 3:8–9 · Ишая 55:8–11

  • 2014 ж. 2 сәу.

    Жоханның 1-хаты 5:21 · Қорынттықт. 2-хат 6:17–18

  • 2014 ж. 1 сәу.

    Ғалаттықт. хат 5:22 · Римдіктерге хат 14:17

  • 2014 ж. 31 нау.

    Філіпілікт. хат 4:19 · Матай 6:33