Балаларым менің, жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!
Жоханның 1-хаты 5:21
Күнделікті нұр
Балаларым менің, жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!
Жоханның 1-хаты 5:21
Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
Қорынттықт. 2-хат 6:17–18
Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар!
Матай 6:24
Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.
Мысырдан шығу 34:14
Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады.
Шежірелер 1-ж. 28:9
Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
Забур жырлары 51:6
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой. Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады, Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады».
Патшалықтар 1-ж. 16:7
Сүйікті бауырларым, жүрегіміз бізді айыптамағанда Құдай алдында нық сеніміміз болады және
Жоханның 1-хаты 3:21
Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Лұқа 18:8
Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады.
Жохан 1:11
Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады.
Тімотеге 1-хат 4:1
Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер! Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады. Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ.
Тімотеге 2-хат 4:2–4
Ал сол күннің, сол сәттің қашан болатынын ешкім білмейді. Бұл жайт көктегі періштелерге де, Құдайдың рухани Ұлына да белгілі емес, жалғыз Оның Әкесіне ғана мәлім. Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер.
Марқа 13:32–33
Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты! Сендерге шындығын айтайын: ол беліне алжапқышын байлап алып, оларды дастарқанға шақырады. Өзі қастарына келіп, оларға күтіп қызмет көрсетеді.
Лұқа 12:37
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 1 сәу.
2014 ж. 31 нау.
2014 ж. 30 нау.
2014 ж. 29 нау.
2014 ж. 28 нау.
2014 ж. 27 нау.
2014 ж. 26 нау.