Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!
Матай 5:48
Күнделікті нұр
Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!
Матай 5:48
Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп: — Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр.
Жаратылыстың баст. 17:1
Осылайша сендер Маған бағышталған киелі болуларың керек, себебі Мен, Жаратқан Ие, киелімін. Мен өздеріңді халықтардың арасынан өз халқым болуға ажыратып, бөлек қойдым.
Леуіліктер 20:26
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.
Қолостықт. хат 2:10
Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:14
Сонымен, сүйікті бауырластар, сендер бұлардың келуін күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:14
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым, Ол мінажатыма түрді құлағын.
Забур жырлары 119:1
Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақыптың хаты 1:25
Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!
Қорынттықт. 2-хат 7:1
Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанын Жаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
Забур жырлары 51:6
Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.
Титке хат 2:12
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:16
Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін. Бірақ соның ізіне түсіп, иемденуге тырысудамын. Дәл осыған бола Мәсіх Исаның Өзі мені иемденіп алды ғой.
Філіпілікт. хат 3:12
Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:3
Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.
Қорынттықт. 2-хат 5:5
Олар Құдайдың халқын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек. Осылайша бәріміз бірге Құдайдың рухани Ұлына сеніп, Оны жақын білу арқылы Мәсіхтің кемелдігіне сай келетін біртұтас, жетілген қауым болмақпыз.
Ефестікт. хат 4:12–13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 2 мам.
2014 ж. 1 мам.
2014 ж. 30 сәу.
2014 ж. 29 сәу.
2014 ж. 28 сәу.
2014 ж. 27 сәу.
2014 ж. 26 сәу.