Қожайыны Жаратқан Иенің Жүсіпке жар болып, оның қолы тиген заттың бәрінің орайын келтіріп отырғанына көз жеткізіп,
Жаратылыстың баст. 39:3
Күнделікті нұр
Қожайыны Жаратқан Иенің Жүсіпке жар болып, оның қолы тиген заттың бәрінің орайын келтіріп отырғанына көз жеткізіп,
Жаратылыстың баст. 39:3
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Жастайынан көріп келген қыспағы Жайлы айтып берсін Исраил халқы: «Жастайымнан мол көрдім қыспақты, Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
Забур жырлары 128:1–2
Өзің атқан жебелерің денеме кірді, Қолың зілдей басты менің үстімді. Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ, Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.
Забур жырлары 37:3–4
Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».
Ешуа 1:9
Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Матай 6:33
Құдайды қастерлеуге үйреткен ұстазы Зәкәрия болатын. Соның көзі тірісінде патша Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркіне мойынсұнып жүрді. Содан Құдай оны жарылқап, зор табысқа жеткізді.
Шежірелер 2-ж. 26:5
Сондай-ақ абай болып, Құдай Иемізді естеріңнен шығарып, бүгін мен сендерге жеткізіп отырған Оның өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындамаудан сақтаныңдар!
Заңды қайталау 8:11
Әйтпесе: «Осы дүние-байлықты өз күшім мен еңбегімнің арқасында қол жеткіздім» деп жүрулерің мүмкін.
Заңды қайталау 8:17
былай деді: — Құдайларың Жаратқан Ие сендерге жар болып жан-жақтан тыныштық сыйлады емес пе? Ол осы елдің тұрғындарының бәрін менің қолыма тапсырды. Елдің жері Жаратқан Иеге және Оның халқына бағынышты болды.
Шежірелер 1-ж. 22:18
Олардың бұл ойларын Иса бірден ұға қойып: — Неге солай ойлайсыздар?
Марқа 2:8
Жасы жүзге келіп қалған Ыбырайым өз денесінде ешқандай күш қалмағанын, әйелі Сараның да құрсағына бала бітпейтінін жақсы білгенімен, уайымдап сенімін әлсіретпеді. Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге хат 4:19–20
Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме?
Марқа 2:9
Иса оған: — «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
Марқа 9:23
Иса қастарына таяу келіп, былай деді: «Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!
Матай 28:18
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Матай 6:26
Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады: — Сенімі аздарым-ай, неге сендер нанымыз жоқ деп пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де не түсінбей, не ескермей келесіңдер ме? Бес күлше нан бес мың адамға жетіп, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер?
Матай 16:8–9
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 7 мау.
2014 ж. 6 мау.
2014 ж. 5 мау.
2014 ж. 4 мау.
2014 ж. 3 мау.
2014 ж. 2 мау.
2014 ж. 1 мау.