Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
Ефестікт. хат 5:15–16
Күнделікті нұр
Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар: жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
Ефестікт. хат 5:15–16
Алайда Мұсаның берген өсиеттері мен Таурат заңын өте мұқият орындаңдар: Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оның айтқан жолымен жүріп, бұйрықтарына бағыныңдар, әрі Онымен тығыз байланыста тұрып Оған шын жүректен, бүкіл жан-дүниелеріңмен қызмет етіңдер!
Ешуа 22:5
Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қолостықт. хат 4:5–6
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады. Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі.
Матай 25:5–6
Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
Матай 25:13
Сондықтан да, бауырластарым, Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар.
Петірдің 2-хаты 1:10
Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты! Сендерге шындығын айтайын: ол беліне алжапқышын байлап алып, оларды дастарқанға шақырады. Өзі қастарына келіп, оларға күтіп қызмет көрсетеді.
Лұқа 12:37
Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін» сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста!
Аян 3:11
Ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын.
Матай 9:21
Сонда алапеспен ауырған біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп: — Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. Иса қолын созып, денесіне тигізді де: — Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды.
Матай 8:2–3
Иса оларға былай деді: — Сенімдеріңнің жеткіліксіздігінен. Сендерге шындығын айтайын: тіпті тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тауға: «Бұл жерден ана жаққа көш!» десеңдер, ол көшер еді. Қолдарыңнан келмейтін ештеңе де болмас еді.
Матай 17:20
Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр.
Еврейлерге хат 10:35
Сонымен, сүйікті бауырларым, сендермен бірге болғанымда әрдайым Құдайға мойынсұндыңдар, ал қазір мен қастарыңда жоқ кезде де солай істей берулерің әлдеқайда маңыздырақ болмақ: құтқарылуларыңа сай іс-әрекет жасап, соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар, әрі Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтын нәрселерден қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай.
Філіпілікт. хат 2:12–13
Жер өздігінен алдымен көк өскінді, содан кейін масағын шығарып, соңынан масақтағы дәндерді өсіріп толыстырады.
Марқа 4:28
Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады».
Ошия 6:3
Жақияның уағыздап, шомылдыру рәсімін орындаған уақытынан бері қазірге дейін Құдайдың Патшалығы күшпен алға басып, күш салғандар оны иемденуде.
Матай 11:12
Жарысқа түскен жүйріктердің бәрі жүгіріп, біреуі ғана жүлдеге ие болатынын білесіңдер. Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»!
Қорынттықт. 1-хат 9:24
Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Тімотеге 2-хат 4:7–8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 15 мау.
2014 ж. 14 мау.
2014 ж. 13 мау.
2014 ж. 12 мау.
2014 ж. 11 мау.
2014 ж. 10 мау.
2014 ж. 9 мау.