Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Күнделікті нұр
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Иемізді даңқтаңдар, барлық ұлттар! Оны мадақтаңдар, күллі халықтар! Ол зор мейірімін танытады, Бізге мәңгілік адал болады. Мадақтаңдар Иеміз — Жаратқанды!
Забур жырлары 116:1–2
Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді.
Матай 6:7
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:26
Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын.
Тімотеге 1-хат 2:8
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Сендерге мынаны да айтамын: жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек.
Матай 18:19
Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді! Уа, Сион, сиынған Құдайың патшалық Құрады ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Забур жырлары 145:10
Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын. Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың, Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің. Жарық нұрды Сен шапандай киесің, Аспанды шатырдай жайып жібересің,
Забур жырлары 103:1–2
(Дәуіттің жыры.) Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.
Забур жырлары 34:1
Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
Забур жырлары 34:2
Зұлымның астыртын әрекетінен Қорғап әрі залымның бүлігінен. Тілдерін олар семсердей өткірлеген, Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен. Айыпсыз жанды атады тосқауылдан, Кенеттен тап береді қорықпастан.
Забур жырлары 63:3–5
Сонда Мәриям былай деді: — Жан дүнием Иемді мадақтайды, Құтқарушым Құдайға қуанады:
Лұқа 1:46–47
«Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Аян 4:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 16 мау.
2014 ж. 15 мау.
2014 ж. 14 мау.
2014 ж. 13 мау.
2014 ж. 12 мау.
2014 ж. 11 мау.
2014 ж. 10 мау.