Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін.
Еремия 15:20
Күнделікті нұр
Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін.
Еремия 15:20
— Күшті жаудың қолынан олжасын тартып алып, жеңімпаздың тұтқындарын босату мүмкін бе?! — (деп күдіктенесің.) Бірақ Жаратқан Ие мынаны айтады: — Күшті жаудың тұтқындары тартылып алынып, жеңімпаздың олжасы қайтып алынады! Сенімен арпалысып келген жауыңмен Өзім алысып, адамдарыңды босатамын! Сені езіп-жаншығандар сол кезде өз тәндерін жейтін болады. Олар төгілген өз қандарына тәтті шарап ішкендей мас болады. Осылай бар адамзат Менің Жақып сиынған құдіретті Жаратқан Ие екенімді білетін болады: Мен сенің Құтқарушыңмын, сені азат ететін Қамқоршыңмын».
Ишая 49:24–26
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады.
Еврейлерге хат 2:18
Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.
Забур жырлары 107:9
Себебі «Иеміздің қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:3
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр, Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
Забур жырлары 63:1–2
Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың, Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
Забур жырлары 84:2
екеуіне де құштармын: бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы,
Філіпілікт. хат 1:23
Жебелер атқылап жауларын шашыратты, Найзағай жарқылдап оларды абдыратты.
Забур жырлары 17:15
Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.
Аян 7:16–17
Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды, Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды.
Забур жырлары 36:8
Діни қызметкерлерді дәмді тамақпен молынан қамтамасыз етемін, халқым да игіліктеріме кенеледі, — деп уәде етеді Жаратқан Ие.
Еремия 31:14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 10 шіл.
2014 ж. 9 шіл.
2014 ж. 8 шіл.
2014 ж. 7 шіл.
2014 ж. 6 шіл.
2014 ж. 5 шіл.
2014 ж. 4 шіл.