Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
Әйүп 23:10
Күнделікті нұр
Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.
Әйүп 23:10
Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:14
Адам баласына қайғы-қасіретті Ол өз жүрек қалауымен жібермейді.
Жоқтау 3:33
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!» Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.) Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.
Тімотеге 2-хат 2:19–21
Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
Малахи 3:3
Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.
Зәкәрия 13:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 29 қыр.
2014 ж. 28 қыр.
2014 ж. 27 қыр.
2014 ж. 26 қыр.
2014 ж. 25 қыр.
2014 ж. 24 қыр.
2014 ж. 23 қыр.

Бейбітшілік
Өмірдің ең үлкен қысымдары мен азаптары кезінде де Құдайда қалай толық тыныштық пен мызғымас сенім табуға…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Израиль
Исраил мен Шіркеу арасындағы библиялық айырмашылықты зерттеңіз. Ескі Өсиеттегі Исраилге арналған…

Қасиетті Вечер
Мәсіхшіге қауымдастықтың бір бөлігін жіберіп алу дұрыс па? Егер нан таратылып, ол кірмей тұрып тостаған…

Рухани өсу
Өмір өзгерістерге толы, бұл стресс пен қорқыныш тудырады. Өзгермейтін Құдайдың осы жағдайларды сенушілерді…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…