Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге хат 4:9
Күнделікті нұр
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге хат 4:9
Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан. Тұтқындар да тыныштықтың рақатын бірге көреді. Олар өздерін аяусыз жұмысқа салған бақылаушылардың дауыстарын енді қайтып естімейді.
Әйүп 3:17–18
Сол кезде мен көктен былай деген дауысты естідім: — Мынаны жаз: Бұдан былай Жаратқан Иемен тығыз байланыста болып қайтыс болғандар бақытты! — Киелі Рух соны бекітіп былай дейді: — Иә, олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек. Істеген игі істерінің жемісі олардан айырылмайды.
Аян 14:13
Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып: — Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді.
Жохан 11:11
Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды.
Жохан 11:13
Әлі де осы «шатырда» тұрып, ауыртпалық көргенде ыңқылдай күрсініп отырмыз. Алайда ажалдан жанымыз жалаңашталмай-ақ, көктен келген денемізді бірден жамылуды қалаймыз. Сонда өткінші тұрмысымыздың орнын мәңгілік өмір ауыстырады.
Қорынттықт. 2-хат 5:4
Бірақ ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдаған біз де іштей ыңқылдай күрсіне отырып, Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз. Құтқарылғаннан бері біздің осындай үмітіміз бар. Ал орындалған үмітті ешкім үміт демейді, өйткені ол іске асқанда үміт болудан қалады. Енді біз әлі де орындалмаған нәрсеге үміт артқандықтан, оны сабырмен сағына күтеміз.
Римдіктерге хат 8:23–25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 1 нау.
2015 ж. 28 ақп.
2015 ж. 27 ақп.
2015 ж. 26 ақп.
2015 ж. 25 ақп.
2015 ж. 24 ақп.
2015 ж. 23 ақп.

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқаулықты табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Рухани өсу
Киелі кітаптағы «жалаңаштықтың» әртүрлі мағыналарын ашыңыз, кінәсіздік пен жақындықтан ұят пен осалдыққа…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…