Азғырылуымызға жол бермей, Бізді жамандықтан сақтай гөр. (Патшалық, құдірет және ұлылық Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)
Матай 6:13
Күнтізбе
Азғырылуымызға жол бермей, Бізді жамандықтан сақтай гөр. (Патшалық, құдірет және ұлылық Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)
Матай 6:13
Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай, Нұрыңды төкші, о, әділ соттаушы Құдай! Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр, Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр!
Забур жырлары 93:1–2
Жаратқан Ие қаһарлануға асықпайды, Оның құдіреті ерен зор. Ол айыптыны жазасыз қалдырмайды. Тәңір Иенің жүрген жолы құйын мен дауылдан өтеді, бұлттар Оның аяғының басқан шаңына ұқсайды.
Нақұм 1:3
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да!
Даниял 3:17
Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
Жохан 10:29
Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.
Жоханның 1-хаты 4:4
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Забур жырлары 115:1
Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық, Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық! Меншігің — көк пен жердегілер барлық! Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалық Әрі баршаға деген басшылық!
Шежірелер 1-ж. 29:11
Сонымен енді, я, Құдайымыз, Саған шүкіршілік айтудамыз, Ұлы атыңды мадақтаудамыз! Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз.
Шежірелер 1-ж. 29:13–14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 16 қаз.
Римдіктерге хат 12:11
2015 ж. 15 қаз.
Забур жырлары 59:9
2015 ж. 14 қаз.
Римдіктерге хат 14:9
2015 ж. 13 қаз.
Даниял 10:12
2015 ж. 12 қаз.
Қорынттықт. 2-хат 5:19
2015 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11
2015 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15

Кешірім
Мойындау мен кешірім туралы 1 Жохан 1:9-ды зерттеу, сонымен қатар Құдайға рухпен және шындықпен ғибадат…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

Дұға
Дұға – қиын кездердегі сенушінің ең үлкен ресурсы. Михей мен Исадан қалай тиімді дұға етуді, Оның Ұлы арқылы…