Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам, сондай болдым. Оның рақымы бойымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығынан көп еңбек еттім, ал шын мәнісінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбектенді.
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап, Өзінің жаңа жаратылысындағы тұңғыш рухани балалары болуымызды қалады.
Жақыптың хаты 1:18
Яғни Құдайдың таңдап алуы адамның қалауы мен әрекетіне емес, Құдайдың рақымына байланысты.
Римдіктерге хат 9:16
«Ал енді, мақтануымызға бола ма?» Мақтанатын түгіміз жоқ. «Не себептен бұлай? Игі істер жасау арқылы ақтала аламыз ба?» Жоқ, сену арқылы ғана ақтала аламыз.
Римдіктерге хат 3:27
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды. Сондықтан: «Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» — деп (Пайғамбарлар жазбаларында) жазылғандай істеңдер.
Қорынттықт. 1-хат 1:30–31
Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер. Сол кезде сендер осы күнәкар дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің, яғни Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер. Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкар болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді.
Ефестікт. хат 2:1–3
Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 6:11