Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу.
Қорынттықт. 1-хат 12:5
Күнтізбе
Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу.
Қорынттықт. 1-хат 12:5
Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует, ал басқа қалалар мен елді мекендердегі және бақылау мұнараларындағы қоймаларын Ұзиях ұлы Жонатан басқаратын. Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын. Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей, ал шарап қоймаларын шефамдық Забди басқаратын.
Шежірелер 1-ж. 27:25–27
ал қой-ешкілерді өсіруді ажарлық Жазиз басқаратын. Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды.
Шежірелер 1-ж. 27:31
Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады.
Қорынттықт. 1-хат 12:28
Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.
Қорынттықт. 1-хат 12:11
Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер: уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі! Аумин.
Петірдің 1-хаты 4:10–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
2016 ж. 1 қаз.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
2016 ж. 30 қыр.
Әйүп 23:10
2016 ж. 29 қыр.
Жоханның 1-хаты 3:16
2016 ж. 28 қыр.
Руларды санау 6:27
2016 ж. 27 қыр.
Петірдің 1-хаты 5:6
2016 ж. 26 қыр.
Заңды қайталау 32:4

Рухани сыйлар
Иеремия пайғамбар Иеміз оған тапсырған іс үшін таңдалып, бөлініп, тағайындалып, дайындалды. Ол: - Діни…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Алғыс айту
Забур 136 Құдайдың мәңгілік мейірімін қайта-қайта жариялайды. Неліктен біз жиі алғыс айтуды ұмытатынымызды…

Пасха
Бұл елде Пасхаға берілген христиандық мағына елеусіз қалады. Бірақ менің түсінуімше, Пасха Солтүстік Еуропада…