Гедеон сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оған «Жаратқан Ие — амандық (бастауы)» деген ат қойды. Сол құрбандық орны күні бүгінге дейін Әбиезер әулетіне тиесілі Офра деген жерде тұр.
Билер 6:24
Күнтізбе
Гедеон сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оған «Жаратқан Ие — амандық (бастауы)» деген ат қойды. Сол құрбандық орны күні бүгінге дейін Әбиезер әулетіне тиесілі Офра деген жерде тұр.
Билер 6:24
Бірақ сенің тыныштықта өмір сүретін ұлың болады. Мен оның жан-жағындағы барлық жауларын тыныштандырамын. Оның есімі — Сүлеймен. Сүлейменнің кезінде Мен Исраил еліне амандық пен тыныштық сыйлаймын.
Шежірелер 1-ж. 22:9
Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы да қиямет күні осы ұрпақпен бірге сот алдында тұрып, оның қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлеймен патшаның даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!)
Матай 12:42
Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады. Тіпті (асқақтаған) ормандарға бұршақ жауып, (бас көтергіш) қала жермен-жексен болғанда да,
Ишая 32:18–19
Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.
Ефестікт. хат 2:14
Ол халқы үшін амандық пен тыныштықтың қайнар көзі болады». «Ассур әскері біздің елімізге басып кіріп, қамалдарымызды жайпап өтіп жатса, біз оларға қарсы жеті басқарушыны және сегіз әміршіні шығарамыз.
Миха 5:5
Тоқтыға қарсы соғысқа шығады. Бірақ Тоқты оларды жеңіп шығады. Себебі Ол — «иелердің Иесі, патшалардың Патшасы»! Ал қасындағылар — Оның шақырылып, таңдалған, адал ізбасарлары.
Аян 17:14
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Жохан 14:27
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 31 нау.
Філіпілікт. хат 4:19
2017 ж. 30 нау.
Жаратылыстың баст. 24:63
2017 ж. 29 нау.
Матай 25:34
2017 ж. 28 нау.
Ешуа 1:18
2017 ж. 27 нау.
Нақыл сөздер 11:18
2017 ж. 26 нау.
Матай 2:14–15
2017 ж. 25 нау.
Еврейлерге хат 13:5–6

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Бейбітшілік
Өмірдің ең қиын жағдайларының ортасында да Құдайдың сүйіспеншілігінде ішкі тыныштық пен демалысты қалай…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…

Иса Мәсіх
Дәуіт патшалық билігін қабылдау үшін ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болды. Осыған байланысты, ол патшалық…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…