Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Матай 6:12
Күнтізбе

Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Матай 6:12
Сонда Петір Исаның қасына жақындап: — Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса: — Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді.
Матай 18:21–22
Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!
Матай 18:32–35
Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:13–14
Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!
Қолостықт. хат 3:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 14 қаз.
Римдіктерге 14:9
2018 ж. 13 қаз.
Даниял 10:12
2018 ж. 12 қаз.
Қорынттықт. 2-хат 5:19
2018 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11
2018 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15
2018 ж. 9 қаз.
Нехемия 9:17
2018 ж. 8 қаз.
Еврейлерге 13:6

Құтқарылу
Руттың Құдайға адал шешімі кедейліктен батаға қалай әкелгенін, Мәсіхтің біздің Туысқан-Құтқарушымыз ретінде…
Құлшылық
Егде жастағы сенуші заманауи ғибадат музыкасына қарсы біржақтылықты жеңу және барлық стильдерде рухани…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіх кім? Оның Құдайлық табиғаты, күнәсіз өмірі және әлемнің Құтқарушысы ретіндегі үздіксіз рөлі туралы…
Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітапты тақырыптық зерттеулер және қайталанған оқулар сияқты тиімді әдістермен зерттеуді үйреніңіз. Өсу…

Дін қызметі
Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…