Иса оларға былай деп жауап берді: — Енді сенесіңдер ме?
Жохан 16:31
Күнтізбе

Иса оларға былай деп жауап берді: — Енді сенесіңдер ме?
Жохан 16:31
Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?! Сондай сенімі оны Тәңір Иенің қаһарынан құтқара ала ма?
Жақып 2:14
Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол — өлі сенім.
Жақып 2:17
17-Ыбырайым сенімі сыналғанда Құдайға нық сенгендіктен Ысқақты құрбандыққа ұсынды. Ол туралы «сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады» деген уәде алғанымен, Ыбырайым жалғыз ұлын құрбан етуге дайын болды. Ыбырайым Құдай баламды өлімнен қайта тірілтуге де құдіретті деп есептеді; астарлап айтқанда, ол баласын өлімнен қайтарып алды да.
Еврейлерге 11:17–19
Түп атамыз Ыбырайым баласы Ысқақты құрбандыққа ұсынғанда сол ісі арқылы Құдай алдында ақталды емес пе?
Жақып 2:21
Өздерің көріп отырғандай, Тәңір Иенің алдында адамды тек оның сенімі ғана емес, істегендері де ақтайды.
Жақып 2:24
Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақып 1:25
Сол сияқты, адамдарды да «жемістерінен» танып білесіңдер. Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады.
Матай 7:20–21
Мұны біліп, осылай іс-әрекет етсеңдер, бақытты боласыңдар!
Жохан 13:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 28 қар.
Жақып 2:26
2018 ж. 27 қар.
Жохан 17:22
2018 ж. 26 қар.
Ишая 62:4
2018 ж. 25 қар.
Римдіктерге 6:18
2018 ж. 24 қар.
Лұқа 8:21
2018 ж. 23 қар.
Нақыл сөздер 1:33
2018 ж. 22 қар.
Яһуда 20
Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітапты тақырыптық зерттеулер және қайталанған оқулар сияқты тиімді әдістермен зерттеуді үйреніңіз. Өсу…

Таудағы уағыз
Матай 5-7 Иеміз Исаның ізбасарларынан күтетін өмір сүру деңгейіне қатысты көптеген практикалық ілімдерді…

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…

Сабырлық
Құдай мектебінде Иемізді күту арқылы шыдамдылықты үйреніңіз. Өмірдің қиындықтары кезінде сыртқы жағдайларға…
Христология
Иса Мәсіхтің кемел адамгершілігі, тартымды қасиеттілігі және барлығына деген мейірімді қызметі арқылы Оның…