Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Еремия 23:6
Күнтізбе

Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Еремия 23:6
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Жердің беті егінге тола берсін, Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін, Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын, Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.
Забур жырлары 71:16
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып: — Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!
Лұқа 15:22
Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:8
Иә, мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі. Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 31 қаң.
Руларды санау 33:55
2019 ж. 30 қаң.
Еврейлерге 12:1–2
2019 ж. 29 қаң.
Жаратылыстың баст. 16:13
2019 ж. 28 қаң.
Заңды қайталау 33:25
2019 ж. 27 қаң.
Жохан 1 3:5
2019 ж. 26 қаң.
Еврейлерге 13:13–14
2019 ж. 25 қаң.
Римдіктерге 3:22

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…

Қайта тірілу
Тек қана Христиандық қайта тірілген Құтқарушымен қарым-қатынасқа негізделген. Лұқа Елшілердің істері 1:1-3-те…

Әділдік
Әділдік жемісін зерттеңіз: оның қасиетті табиғаты, оның бейбітшілікте қалай себілетіні, Құдайдың жазалауы…
Мейірім
Құдайдың Адам мен Хауаны киіндіруінің терең мағынасын және біздің, діни қызметкер ұлдары ретінде, Құдайдың…
Құтқарылу
Исраилде тамырланған құтқару Мәсіхтің құрбандығы арқылы әмбебап сыйға айналды. Құдайдың барлық халықтарға…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…