Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Күнтізбе

Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар? Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын.
Еремия 17:9–10
Тек болып жатқанды көріп тұрасың, Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
Забур жырлары 90:8
Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.
Лұқа 22:61–62
Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Жохан 2:24–25
Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:14
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды.
Ишая 42:3
14-Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
Жохан 10:14
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
Жохан 10:27–28
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 24 мам.
Ефестікт. хат 4:30
2019 ж. 23 мам.
Мысырдан шығу 28:12
2019 ж. 22 мам.
Жохан 14:27
2019 ж. 21 мам.
Ефестікт. хат 6:10
2019 ж. 20 мам.
Тимотейге 1 4:16
2019 ж. 19 мам.
Забур жырлары 51:2
2019 ж. 18 мам.
Жохан 5:26

Ыбырайым келісімі
Құдайдың Абрамнан Дәуітке дейін адамзатпен жасаған шартсыз келісімдерін және олардың Мәсіхте орындалуын…
Шынайы, тұрақты қуаныш мерекелік іс-шараларда емес, Иса Мәсіхпен қарым-қатынаста, күнәларыңның кешірілгенін…
Құтқарылу
Иса Мәсіх – жұмаққа апаратын ерекше жол, жақсы істер немесе дін емес. Оған сену неліктен кешірім мен мәңгілік…
Берілу
Құдайға бағыну, Мәсіхке сену және күнәларды мойындау тұрақты тыныштыққа, күшке және қуанышқа толы өмірге…

Ізгі хабар тарату
Елшілердің істері 8-тараудағы Філіптің эфиопиялықпен кездесуінен алынған евангелизмнің бес мәңгілік принципін…

Қайта тірілу
Тек қана Христиандық қайта тірілген Құтқарушымен қарым-қатынасқа негізделген. Лұқа Елшілердің істері 1:1-3-те…