Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.
Еврейлерге 10:20
Күнтізбе

Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.
Еврейлерге 10:20
Ал Қабыл Жаратқан Иенің көз алдынан кетіп, Едемнің шығысында орналасқан Нод (яғни «Кезбелік») деген жерге қоныстанды.
Жаратылыстың баст. 4:16
Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды.
Ишая 59:2
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
Еврейлерге 12:14
Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
Жохан 14:6
Киелі Рух осы арқылы бізге мынаны білдіреді: киелі үйдің алдыңғы бөлімі әлі де бар болып тұрғанда, ең қасиетті бөлімге (яғни Құдайдың алдына) апаратын жол ашық емес.
Еврейлерге 9:8
Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.
Ефестікт. хат 2:14
Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып,
Матай 27:51
Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады.
Матай 7:14
Соңымнан қуып олар қоршап алады, Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,
Забур жырлары 16:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 5 мау.
Лұқа 17:10
2019 ж. 4 мау.
Хаққай 2:9
2019 ж. 3 мау.
Матай 25:13
2019 ж. 2 мау.
Мысырдан шығу 12:11
2019 ж. 1 мау.
Ғалаттықт. хат 5:22
2019 ж. 31 мам.
Жаратылыстың баст. 32:28
2019 ж. 30 мам.
Еврейлерге 4:11

Құтқарылу
Иса барлық адамдарды – жақсы, діни, дана және жоғалғандарды – құтқаруға келді, өйткені әркім Құдайдың даңқына…
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

Өтеу
Еврейлерге 9:22 Құдайдың Һабылдың қан құрбандығын неліктен қабылдап, Қабылдың құрбандығын қабылдамағанын…

Рождество
Бұл Рождестволық өлең Исаның Бетлехемде туылғанда оған орын болмағанын және бүгінде көптеген адамдар оны әлі…
Құтқарылу
Өмір қауіп-қатерге толы және физикалық өлім бәріне де сөзсіз. Ең үлкен тәуекел – Мәсіхтің құтқаруын…
Құтқарылу
Құдайдың құтқару жоспарын және Иса Мәсіхтің жұмаққа апаратын жалғыз жол екенін зерттеңіз. Онымен қуаныш пен…