Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар.
Билер 15:19
Күнтізбе

Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар.
Билер 15:19
Иса: — Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты.
Жохан 4:10
Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді.
Жохан 7:39
Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
Малахи 3:10
Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз!
Лұқа 11:13
Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады.
Лұқа 11:9
Енді біз рухани балалары болғандықтан, Құдай Өзінің рухани Ұлының Рухын жүрегімізге дарытты. Сол Рух бізді: «Абба, Әке!» — деп Құдайға сиындырады.
Ғалаттықт. хат 4:6
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз.
Римдіктерге 8:15
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 17 қыр.
Матай 12:20
2019 ж. 16 қыр.
Нақыл сөздер 21:2
2019 ж. 15 қыр.
Римдіктерге 6:14–15
2019 ж. 14 қыр.
Ишая 51:12
2019 ж. 13 қыр.
Жохан 7:37
2019 ж. 12 қыр.
Ишая 57:18
2019 ж. 11 қыр.
Римдіктерге 12:2

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…
Христиандық екі ұлы фактіге негізделген: Иса Мәсіх аспандағы даңқталған Адам, ал Киелі Рух жердегі Құдайлық…
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…
Мақсат
Өмірдегі шынайы мақсатымыз — Құдайды даңқтау. Күнә мұны мүмкін емес етеді, бірақ Иса Мәсіхке деген сенім…