Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін.
Жохан 6:37
Күнтізбе

Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін.
Жохан 6:37
Шапаны оның үстін жабатын жалғыз жамылғысы болғанда, сол бейшара не жамылып ұйықтамақ? Ол Маған жалбарынып сиынса, Мен оның зарына құлақ саламын, себебі Мен қайырымдымын.
Мысырдан шығу 22:27
Алайда тіпті халық жауларының елдерінде жүрген кезінде де Мен оларды жек көрмеймін әрі олардан жиренбеймін. Әйтпесе олар халық болмай толығымен құрып кетіп, Мен Келісімімді бұзған болып шығар едім. Бірақ та Мен олардың Құдайлары Жаратқан Иемін.
Леуіліктер 26:44
Ал кейін Мен жастық шағыңда өзіңмен жасаған Келісімімді есіме алып, сенімен мәңгілік Келісім жасаймын.
Езекиел 16:60
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді.
Ишая 55:7
Содан кейін: — Иса, Патшалығыңызға кіргенде мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді. Иса оған: — Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың! — деді.
Лұқа 23:42–43
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды.
Ишая 42:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 20 қар.
Миха 7:8
2019 ж. 19 қар.
Матай 7:20
2019 ж. 18 қар.
Ишая 27:8
2019 ж. 17 қар.
Забур жырлары 92:5
2019 ж. 16 қар.
Жохан 17:17
2019 ж. 15 қар.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
2019 ж. 14 қар.
Забур жырлары 40:17

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…
Уағызшының үмітсіз әйелге берген қарапайым ақ раушан гүлі оған анасының дұғаларын еске салып, оны Иса…
Құтқарылу
Құдай ұсынатын керемет сыйлықтарды біліңіз: Құтқарушы, күнәлардың кешірілуі, мәңгілік өмір, тыныштық…
Христология
Исаны, шынайы Асыл адамды ашыңыз. Оның кемелді мойынсұнуын, жанқиярлық қызметін және Иеміз бен Құтқарушымыз…
Құдайдың Ұлы
Құдайдың Өз Ұлы Исаны құлаған адамзатты құтқару үшін неліктен дәл уақытында жібергенін біліңіз. Құдайды…
Құрмет
Иса Құдайды құрметтеді, және Құдай Оны құрметтеді. Сенушілердің Онда болу арқылы да құрметтелетіні туралы…