Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді: — Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.
Лұқа 16:25
Күнтізбе

Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді: — Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.
Лұқа 16:25
Сенде күн мен ай батып, қараңғылық жайламайды, себебі Мен, Жаратқан Ие, саған мәңгі бақи нұр боламын. Қайғырған кезеңің осымен аяқталады.
Ишая 60:20
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Ишая 25:8
— Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.
Аян 7:14–17
Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».
Аян 21:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 8 ақп.
Жохан 15:15
2020 ж. 7 ақп.
Заңды қайталау 8:10–11
2020 ж. 6 ақп.
Тимотейге 1 1:14
2020 ж. 5 ақп.
Жохан 10:10
2020 ж. 4 ақп.
Заңды қайталау 17:16
2020 ж. 3 ақп.
Хаққай 2:4
2020 ж. 2 ақп.
Шежірелер 1-ж. 4:10

Мәсіх
Мәсіхтің соңғы Адам және екінші Адам ретіндегі теологиялық маңызын ашып, оны бірінші Адаммен салыстырыңыз.

Өлім
Өлгеннен кейінгі өмір, сот және мәңгілік туралы Киелі кітап не айтатынын зерттеңіз. Иса Мәсіхке деген сенім…
Киелі кітапты зерттеу
Құдайдың бізге Киелі кітапты не үшін бергенін және оның өзгертуші күшін зерттеңіз. Ол Исаны ашады, күнәні…

Қайғы
Әйүптің достары оның азабында нашар кеңес берді, бірақ Әйүптің сенімі сақталды. Құдай бізден шынымен нені…
Қайғы
Explore why God permits suffering and evil in the world. Discover the human role in global problems and God's…
Ақталу
Discover how to be justified by faith through Jesus Christ, receiving forgiveness of sins and peace with God.