Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,
Руларды санау 6:24
Күнтізбе

Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,
Руларды санау 6:24
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар, Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Нақыл сөздер 10:22
Өзіңе үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын. Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын, Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.
Забур жырлары 5:12
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.
Забур жырлары 121:3
Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
Забур жырлары 121:5
Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!» Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.
Забур жырлары 121:7–8
«Мен, Жаратқан Ие, оны күтіп баптаймын, Әрі суарып тұрамын әрдайым, Ешкім оған зиян жасамасын лайым Деп күні-түні күзетіп қорғаймын,
Ишая 27:3
Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады. Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын. Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.
Жохан 17:11–12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 10 нау.
Жаратылыстың баст. 22:14
2020 ж. 9 нау.
Тимотейге 1 6:17
2020 ж. 8 нау.
Ишая 38:17
2020 ж. 7 нау.
Ишая 54:5
2020 ж. 6 нау.
Нақыл сөздер 2:8
2020 ж. 5 нау.
Ишая 38:14
2020 ж. 4 нау.
Қолостықт. хат 3:2

Иса Мәсіх
Иса суға батып бара жатқандарды құтқарады, біздің сенімсіздігімізге көмектеседі және біздің күрестерімізге…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…
Мәсіх
Мәсіхті анықтайтын Ескі Өсиет пайғамбарлықтарын зерттеңіз, Ыбырайымның ұрпағынан бастап Оның Бетлехемде…
Христология
Иса Мәсіхтің кемел адамгершілігі, тартымды қасиеттілігі және барлығына деген мейірімді қызметі арқылы Оның…
Айқыш
Мәсіхтің айқыштағы азабы Құдайдың даңқын, әділдігін және шексіз сүйіспеншілігін қалай кемелді түрде шешкенін…