Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Күнтізбе

Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Таулардан асып, аңғарларға түсті, Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті. Сен суларға сонда берік шек қойдың, Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың. Сен сайларға ағызасың бұлақтарды, Өзендер тау арасымен құйылады, Дала аңдарын олар суға қандырады, Құландар да одан шөлін басады. Құстар су жағасына ұя салады, Бұтақтар арасынан ән айтады. Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,
Забур жырлары 103:8–13
Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда «Әке, Әке!» деп шақырамыз. Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.
Римдіктерге 8:15–16
Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар.
Ефестікт. хат 2:13
Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Ефестікт. хат 2:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 10 мау.
Лұқа 15:13
2020 ж. 9 мау.
Жохан 7:46
2020 ж. 8 мау.
Жаратылыстың баст. 39:3
2020 ж. 7 мау.
Лұқа 18:1
2020 ж. 6 мау.
Софония 3:17
2020 ж. 5 мау.
Лұқа 17:10
2020 ж. 4 мау.
Хаққай 2:9
Жаңа жыл
Жаңа жылға шынайы бақыт кештерде емес, Құдай ұсынатын жаңа өмірде табылады. Жаңа ән, рух және бағыт үшін…
Құтқарылу
Explore the Bible, God's Word, which reveals His mind, humanity's condition, and the way of salvation.

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…
Құтқарылу
Біз адамдардың күнделікті ескертулеріне оңай бағынамыз, онда неге біз Құдайдың күнә, сот және мәңгілік өмір…
Мәңгілік
Жер бетіндегі уақытымыз қысқа, ол мәңгілік тағдырға апарады. Бүгін Иса Мәсіхті өзіңіздің жеке Құтқарушыңыз…

Құтқарылу
Егер сен Құдайдың рақымымен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім арқылы құтқарылған болсаң, айтатын оқиғаң болуы…