Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.
Лұқа 1:53
Күнтізбе

Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.
Лұқа 1:53
«Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің! Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды» Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін. Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал! Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
Аян 3:17–19
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады!
Матай 5:6
«Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын;
Ишая 41:17
Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар!
Ишая 55:2
Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
Жохан 6:35
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 8 қыр.
Даниял 5:27
2020 ж. 7 қыр.
Римдіктерге 12:12
2020 ж. 6 қыр.
Жоқтау 3:41
2020 ж. 5 қыр.
Қорынттықт. 1-хат 12:12
2020 ж. 4 қыр.
Рут 3:18
2020 ж. 3 қыр.
Мысырдан шығу 13:7
2020 ж. 2 қыр.
Забур жырлары 27:14

Диспенсационализм
Рақым дәуірінің ерекшеліктерін, Ұлы Құдайға, Киелі Рухқа және Әкеге назар аудара отырып ашыңыз.
Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітапты тақырыптық зерттеулер және қайталанған оқулар сияқты тиімді әдістермен зерттеуді үйреніңіз. Өсу…

Бөліну
2 Қорынттықтарға 6:14-тегі «тең емес мойынтұрық» мағынасын Ескі Өсиет принциптерінен алып, зерттеңіз.
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіх кім? Оның Құдайлық табиғаты, күнәсіз өмірі және әлемнің Құтқарушысы ретіндегі үздіксіз рөлі туралы…
Түлену
Біздің күнделікті ақпаратымыз ойымызды қалыптастырады. Құдай сөзімен және Исамен айналысу ой-санаңызды қалай…