Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Матай 6:12
Күнтізбе

Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Матай 6:12
Сонда Петір Исаның қасына жақындап: — Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса: — Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді.
Матай 18:21–22
Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!
Матай 18:32–35
Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді: бізге айып тағып, үкім белгілейтін «құжатты» Мәсіх құрбан болған айқышқа «шегелеп іліп қойып», күшін жойды.
Қолостықт. хат 2:13–14
Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!
Қолостықт. хат 3:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2021 ж. 14 қаз.
Римдіктерге 14:9
2021 ж. 13 қаз.
Даниял 10:12
2021 ж. 12 қаз.
Қорынттықт. 2-хат 5:19
2021 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11
2021 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15
2021 ж. 9 қаз.
Нехемия 9:17
2021 ж. 8 қаз.
Еврейлерге 13:6

Татуласу
Христиандардың Құдайдан алыстаған әлемге Құдайдың бейбітшілік пен татуласу хабарын жариялап, Мәсіхтің…
Қайта туылған
Мэридің қастерлі Киелі кітабы ұрланады, бірақ оның саяхаты ұрыны, сарбазды және капитаны діндарларға…
Құдайдың Егемендігі
Құдайдың өміріңіздегі барлық жағдайларға, тіпті қиын жағдайларға да егемендік ететінін біліңіз. Оның…
Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының рухани табиғатын, оның тарихи контекстін және мәсіхшілердің бағынышты ретінде қалай өмір…
Сенім
Қиыншылыққа толы әлемде Құдайды біздің панамыз және күшіміз ретінде түсіну үшін Забур 46-ны зерттеңіз. Тыныш…
Сенім
Забур 27 иманды адамның қалай таусылмайтын ресурс табатынын, құштарлығын білдіретінін және Жаратқанға деген…