Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Күнтізбе

Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады.
Даниял 2:44
Сіз мүсінге қарап тұрған кезде бір дәу тас жартастан қашалып жасалды. Мұны жасаған адам баласы емес еді. Сол дәу тас мүсіннің жартылай темір, жартылай қыш аяқтарына келіп соғылып, оларды қиратып тастады.
Даниял 2:34
Ол маған былай деп түсіндірді: — Жаратқан Иенің Зоробабелге арнаған сөзі мынау: Күш-қуатпен де емес, билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі. —
Зәкәрия 4:6
Парызшылдар Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берді: — Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын адамдар алдын ала білмейді. Сондай-ақ оны «Міне, мұнда!» не «Әне, анда!» деуге болмайды. Себебі Құдайдың Патшалығы сендердің жан дүниелеріңде, — деді.
Лұқа 17:20–21
Иса оларға былай деп жауап берді: — Құдай өз Патшалығы туралы сырды білуді сендерге бұйырған. Бірақ сыртта қалғандарға барлығы тек астарлы әңгімелер арқылы ғана айтылады.
Марқа 4:11
Иса тағы да былай деді: «Құдайдың Патшалығы мынаған ұқсас: біреу егіндікке тұқым сеуіпті. Ол ұйықтап жатсын, не жүріп-тұрсын, бәрібір, тұқым күні-түні көктеп, өсе береді. Әлгі адам оның қалай өсіп жатқанын түсінбейді.
Марқа 4:26–27
Егін піскенде оратын мезгілі жетіп, диқан оған дереу орақ салады».
Марқа 4:29
Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!
Матай 24:44
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2021 ж. 11 қаз.
Забур жырлары 22:11
2021 ж. 10 қаз.
Ефестікт. хат 3:15
2021 ж. 9 қаз.
Нехемия 9:17
2021 ж. 8 қаз.
Еврейлерге 13:6
2021 ж. 7 қаз.
Забур жырлары 25:9
2021 ж. 6 қаз.
Аян 19:6
2021 ж. 5 қаз.
Забур жырлары 50:15

Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Қайта туылған
Мэридің қастерлі Киелі кітабы ұрланады, бірақ оның саяхаты ұрыны, сарбазды және капитаны діндарларға…
Шешім қабылдау
Дұрыс таңдау жасау үшін Құдайдың даналығы қажет. Ешуаның үлгісінен үйреніп, шешімді әрекет етудің бес маңызды…
Екінші келу
Парусия мен Эпифанияны түсініңіз: Мәсіхтің әулиелермен жасырын қатысуы және Оның жерге даңқты қайтып келуі.

Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Құдайдың тыныштығы
Көзіңізді Мәсіхке тігіп, тыныштық пен қуаныш табыңыз. Барлық уайымдарыңызды Оған тастаңыз және Құдайдың…
Құдайға қол жеткізу
Яһудилер мен басқа халықтардың Үштіктің біртұтас ісі арқылы Құдайға қалай тең қол жеткізетінін біліңіз, бұл…

Қайта туылған
Мэридің қастерлі Киелі кітабы ұрланады, бірақ оның саяхаты ұрыны, сарбазды және капитаны діндарларға…

Шешім қабылдау
Дұрыс таңдау жасау үшін Құдайдың даналығы қажет. Ешуаның үлгісінен үйреніп, шешімді әрекет етудің бес маңызды…