Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді.
Қолостықт. хат 1:13
Күнтізбе

Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді.
Қолостықт. хат 1:13
Сонда көктен: «Бұл — Менің сүйікті рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын!» — деген дауыс естілді.
Матай 3:17
«Міне, Менің қолдап жүрген Қызметшім, Жаным рақат табатын таңдаулым! Оған қондырдым Өзімнің Рухымды, Ол халықтарға жеткізбек әділ үкімді.
Ишая 42:1
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
Жохан 1 4:9–10
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1 4:16
Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім. Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе адамзаттың көзі жетсін. Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын. Бұл ұлылығымды Сен Маған Мені сүйгендіктен әлем жаратылмастан бұрын-ақ сыйлаған едің.
Жохан 17:22–24
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.
Жохан 1 3:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2023 ж. 20 қар.
Миха 7:8
2023 ж. 19 қар.
Матай 7:20
2023 ж. 18 қар.
Ишая 27:8
2023 ж. 17 қар.
Забур жырлары 92:5
2023 ж. 16 қар.
Жохан 17:17
2023 ж. 15 қар.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
2023 ж. 14 қар.
Забур жырлары 40:17
Үштік
Үшбірлі Құдайдың – Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың – бірлігін, ерекше рөлдерін және жаратылыстағы…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің көптеген тамаша атауларын зерттеңіз, оның Құдайлық табиғатын, жердегі қызметін, қайта тірілуін…
Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…
Пайғамбарлық
Ишая 53 Мәсіхтің азаптары мен кейінгі жоғарылауын алдын ала айтады. Оның қорлануын, қабылданбауын және өтеу…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің көптеген тамаша атауларын зерттеңіз, оның Құдайлық табиғатын, жердегі қызметін, қайта тірілуін…
Пайғамбарлық
Исраилдің пайғамбарлық болашағын түсіну үшін Құдайдың келісімдерін ашыңыз. Бұл мақалада Ыбырайымдық…

Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…

Пайғамбарлық
Ишая 53 Мәсіхтің азаптары мен кейінгі жоғарылауын алдын ала айтады. Оның қорлануын, қабылданбауын және өтеу…