Әлгі кісі: — Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып: — Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
Күнтізбе

Әлгі кісі: — Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып: — Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!
Ишая 27:5
Иса: — Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.
Матай 15:28
Сонда Иса: — Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:29
Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін:
Жақып 1:6–7
Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты. Бірақ екі шәкірт: — Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды.
Лұқа 24:28–29
Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды. Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті.
Лұқа 24:31–32
Егер де маған риза болсаң, (бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады. Мына ұлттың Өзіңнің таңдап алған халқың екенін есіңнен шығара көрме, — деді. Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.
Мысырдан шығу 33:13–14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 4 сәу.
Аян 1:17
2024 ж. 3 сәу.
Петір 2 3:8–9
2024 ж. 2 сәу.
Жохан 1 5:21
2024 ж. 1 сәу.
Ғалаттықт. хат 5:22
2024 ж. 31 нау.
Філіпілікт. хат 4:19
2024 ж. 30 нау.
Жаратылыстың баст. 24:63
2024 ж. 29 нау.
Матай 25:34

Сенім
Өмір – жарыс, бірақ жеңіс дүниелік табыста емес. Мәңгілік сыйлығыңызды жеңіп алу үшін Сүлейменнің…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Ізгі хабар тарату
Мәсіхтің елшісі болу нені білдіретінін біліңіз. Өзіңіздің аспандағы дәрежеңіз, миссияңыз және осы әлемде…
Шәкірттік
Исаның «адам аулаушы» болуға шақыруын және евангелизмнің өзектілігін зерттеңіз. Оның дауысына жауап беріңіз…
Рухани өсу
Мәсіхшілер адамзатқа, күнәға және Мәсіхтің жолына тән қиындықтарға тап болады. Олардың шығу тегін, оларды…

Сенім
Өмір – жарыс, бірақ жеңіс дүниелік табыста емес. Мәңгілік сыйлығыңызды жеңіп алу үшін Сүлейменнің…
Шәкірттік
Иса Петірге өзін Жоханмен салыстырмауды айтады. Өзіңді басқалармен салыстыруды доғарып, көзіңді Исаға тігіп…