Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.
Забур жырлары 12:6
Күнделікті Жарық

Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын, Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын, Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.
Забур жырлары 12:6
Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен, Басқалар мақтанады тұлпарларымен, Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.
Забур жырлары 19:8
Құдайдың барлық сөздері пәк таза, Ол қалқандай Өзін паналайтындарға. Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа, Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар, Өтірігің ашылып жария болар.
Нақыл сөздер 30:5–6
Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
Філіпілікт. хат 4:8
Құдай Әке сендерді алдын ала танып, Өзінің Киелі Рухымен Иса Мәсіхке мойынсұнатын, Оның құрбандық өлімінде төгілген қаны арқылы тазарған, меншікті де қасиетті халқы болуға таңдап алған еді. Рақым, амандық және тыныштық сендерге молынан жауа берсін!
Петір 1 2:2
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 2-хат 2:17

Қорынттықт. 2-хат 4:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 8 қаз.
Еврейлерге 13:6
2024 ж. 7 қаз.
Забур жырлары 25:9
2024 ж. 6 қаз.
Аян 19:6
2024 ж. 5 қаз.
Забур жырлары 50:15
2024 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29
2024 ж. 3 қаз.
Аян 1:5
2024 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
Күнә
Жүректің және оның рухани ауруы ретіндегі күнәнің Киелі кітаптағы мағынасын зерттеңіз. Құдайдың көзқарасын…
Киелі жазба
Киелі кітаптың Құдайлық шабыты мен абсолютті билігін зерттеңіз. Оның қарсылыққа қарамастан бүгінгі күні…

Жаратылыш
Құдайдың Өзінің даңқын, күшін және даналығын Өзінің жаратылысы арқылы қалай ашатынын түсіну үшін Забур 19, 29…
Төзімділік
Төзімділіктің киелі кітаптық көзқарасын зерттеңіз, адамның шыдамдылығы мен Құдайдың күнәға деген абсолютті…
Рухани өзгеріс
Сөздер күшті, олар ұлттарға, қауымдастықтарға және жеке адамдарға жақсылыққа немесе жамандыққа әсер етеді…

Киелі кітапты, Құдай Сөзін зерттеңіз, ол Оның ойын, адамзаттың жағдайын және құтқарылу жолын ашады.