Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Күнделікті Жарық

Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.
Жохан 1:14
Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.
Забур жырлары 138:2
Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».
Матай 1:23
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді.
Жохан 5:23
Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді:
Філіпілікт. хат 2:9
Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.
Ефестікт. хат 1:21–22
Атқа мінгеннің көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Оның киімінде Өзінен басқа ешкім де мағынасын біле алмайтын бір Есім жазылған еді,
Аян 19:12
Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген атағы да жазылған.
Аян 19:16
Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.
Әйүп 37:23
Кім аспанға көтерілген? Кім қайтадан жерге түскен? Кім желді уысында ұстай алар? Кім мұхитты шапанымен орап қояр? Кім жердің шегін орнатқан? Өзі мен Ұлының аты кім? Білсең соны айтып берші маған.
Нақыл сөздер 30:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 19 қаң.
Елшіл. істері 20:19
2025 ж. 18 қаң.
Римдіктерге 5:14
2025 ж. 17 қаң.
Ишая 38:17
2025 ж. 16 қаң.
Қолостықт. хат 1:19
2025 ж. 15 қаң.
Забур жырлары 119:25
2025 ж. 14 қаң.
Жохан 14:28
2025 ж. 13 қаң.
Ишая 26:3

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…
Жалған ілімдер
Шіркеу ішіндегі дінбұзарлық пен дінбұзарларды анықтауды үйреніңіз. Жалған ұстаздардың қасиетті жазбаларды…
Христология
Жохан 1-ді зерттеңіз, Мәсіхті мәңгілік Сөз, адамдардың Нұры және Құдайдың рақымының көрінісі ретінде ашыңыз.
Көтеріліс
Мұса мен Мириамның бүлігі, Мириамның алапесі және күнә, кішіпейілділік пен қалпына келтіру туралы сабақтарды…

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…

Жалған ілімдер
Шіркеу ішіндегі дінбұзарлық пен дінбұзарларды анықтауды үйреніңіз. Жалған ұстаздардың қасиетті жазбаларды…
Құтқарылу
Құдайдың Қозысының терең әсерін зерттеңіз, ол барлық қажеттіліктерге жеткілікті. Қозының бір жас жігіттен…
Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының рухани табиғатын, оның тарихи контекстін және мәсіхшілердің бағынышты ретінде қалай өмір…

Христология
Жохан 1-ді зерттеңіз, Мәсіхті мәңгілік Сөз, адамдардың Нұры және Құдайдың рақымының көрінісі ретінде ашыңыз.