Мен: «Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым. Иеміз маған: «Мен сен қудалап жүрген Исамын.
Елшіл. істері 26:15
Күнделікті Жарық

Мен: «Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым. Иеміз маған: «Мен сен қудалап жүрген Исамын.
Елшіл. істері 26:15
Иса оларға дереу тіл қатып: — Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін, Мен, Исраил сиынған Киелі Құдай, Құтқарушыңмын! Сенің құның үшін Мысырды беріп, Құш пен Себаны да төлемің еттім.
Ишая 43:2–3
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:4
Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».
Матай 1:23
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
Матай 1:21
Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын.
Жохан 1 2:1
ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда. Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме?
Римдіктерге 8:34–35
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 19 сәу.
Жохан 10:7
2025 ж. 18 сәу.
Заңды қайталау 18:18
2025 ж. 17 сәу.
Забур жырлары 50:23
2025 ж. 16 сәу.
Забур жырлары 31:22
2025 ж. 15 сәу.
Еремия 50:34
2025 ж. 14 сәу.
Забур жырлары 63:5–6
2025 ж. 13 сәу.
Нақыл сөздер 3:9

Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Уақытты басқару
Қарбалас өмірден арылудың христиандық емін ашыңыз. Оның себептерін және Інжілдік құндылықтар, басымдықтар мен…
Құтқарылу
Иса Мәсіхтің айқышта өз еркімен өлгенінің терең себептерін ашыңыз. Оның құрбандығы сіздің күнәларыңызды қалай…

Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Шәкірттік
Мәсіхтің өзіңнен бас тартып, күнделікті Оған еру шақыруын қабылда. Өмірдің қиындықтарында Оның сүйіспеншілігі…
Батылдық
Исаның «Жақсы батылдық танытыңыз» деген сөздерінің кешірім, емделу, дауылдарды жеңу және қызмет үшін қалай…
Жігерлендіру
Христиандардың соғыс пен қиыншылықтар арасында да Исадан тыныштық пен қуаныш таба алатынын біліңіз. Петір мен…

Уақытты басқару
Қарбалас өмірден арылудың христиандық емін ашыңыз. Оның себептерін және Інжілдік құндылықтар, басымдықтар мен…