Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді, Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Жоқтау 3:31-32
Күнделікті Жарық
Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді, Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Жоқтау 3:31-32
Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін.
Еремия 46:28
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:7-8
Мен Самарияны өзінің пайдасыз тәңірлерімен қоса құрттым, Иерусалимге және ондағы жұрт табынатын мүсіндерге де дәл солай істеймін!»
Ишая 10:11
Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!
Миха 7:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 11 там.
Hebrews 2:14
2025 ж. 10 там.
John 17:15
2025 ж. 9 там.
Song of Solomon 4:7
2025 ж. 8 там.
Proverbs 4:18
2025 ж. 7 там.
John 14:26
2025 ж. 6 там.
Proverbs 3:12
2025 ж. 5 там.
Romans 6:4