Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты.
Нехемия 8:10
Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады.
Ишая 49:13
Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!
Оған сеніп, қорықпаймын да енді,
Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,
Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,
Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
Ишая 12:2
Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
Забур жырлары 28:7
Жаратқан Иеге қатты қуанам,
Құдайыма шаттанады жан дүнием,
Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,
Үстіме әділдікті де жауып берді!
Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті
Әшекейлі тәж басына киеді,
Қалыңдық асыл тастарын тағады,
Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Сондықтан мен Иса Мәсіхпен тығыз байланыста жүріп, Құдай үшін атқарған жұмысымды мақтан тұтамын.
Римдіктерге хат 15:17
Бұл ғана емес, біз Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың Өзіне қатты шаттанып та жүрміз, өйткені Мәсіхтің арқасында Онымен татуластық.
Римдіктерге хат 5:11
Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,
Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Аббақұқ 3:18