2025 ж. 22 қыркүйек, дүйсенбі

Күнделікті Жарық

2025 ж. 22 қыр.

Иеміз айтқанда шегірткелер қаптады, Сансыз көп шегіртке құрттары құжынады,

Забур жырлары 104:34

Ғашығым жас жігіттер арасында Алма ағашындай орман арасында! Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен.

Таңдаулы ән 2:3

Сен лезде-ақ алып кетесің пендені, Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді, Яки далада өскен шөп тәрізді: Таң ата шықса да көгеріп, Кешке қарай қурап қалады семіп.

Забур жырлары 89:6

Сүйіктімнің беті нұрлы, албыраған, Ол айрықша он мың адам арасынан.

Таңдаулы ән 5:10

аса құнды біреуін тауып алады. Сонда ол өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады.

Матай 13:46

және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі. Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты,

Аян 1:5

Басы оның саф алтындай, шашы бұйра, Қарға, құзғынға ұқсап қап-қара.

Таңдаулы ән 5:11

Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.

Ефестікт. хат 1:22

Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен.

Қолостықт. хат 1:18

Екі беті оның аңқып жатқан Жұпар иісті шөптер өсіп тұрған Бақшадағы жүйектерге тұр ұқсап. Еріндері сұйық мүр тамшылап Жатқан лалагүлдерге тұр ұқсап.

Таңдаулы ән 5:13

Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей, бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады.

Марқа 7:24

Екі беті оның аңқып жатқан Жұпар иісті шөптер өсіп тұрған Бақшадағы жүйектерге тұр ұқсап. Еріндері сұйық мүр тамшылап Жатқан лалагүлдерге тұр ұқсап.

Таңдаулы ән 5:13

Сақшылар: — Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді.

Жохан 7:46

Аяқтары саф алтын негізге Орнатылған мәрмәр баған секілді. Тұлғасы оның Ливан тауындай, Таңдаулы самырсын ағаштарындай,

Таңдаулы ән 5:15

Make your face to shine on your servant. Save me in your loving kindness.

Psalms 31:16

Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар!

Забур жырлары 4:6

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер