Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,
Ғалаттықт. хат 5:22
Күнделікті нұр
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,
Ғалаттықт. хат 5:22
Күнәкар болмыстың қамын ойлау мәңгілік өлімге, ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:6
Алайда егер сенбейтін жұбайы ажырасқысы келсе, ажырассын. Мұндай жағдайда оның сенуші жұбайы некеде қалуға мәжбүр емес. Қайтсе де, Құдай біздерді татулықта тұруға шақырған болатын.
Қорынттықт. 1-хат 7:15
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.
Жохан 14:27
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
Римдіктерге хат 15:13
Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек. Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады.
Ишая 32:17–18
Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады».
Нақыл сөздер 1:33
Қала шегінің айналдыра ұзындығы он сегіз мың шынтақ болмақ. Сол кезден бастап, қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ».
Езекиел 48:35
Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!
Аян 21:3
Қаладан киелі үйді көрмедім. Себебі оның киелі үйі — бүкіл әлемнің Билеушісі Құдай Ие және Тоқты. Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ: Құдайдың нұрлы салтанаты оны жарқыратады, әрі Тоқты да — оның шам-шырағы іспетті.
Аян 21:22–23
Жебелер атқылап жауларын шашыратты, Найзағай жарқылдап оларды абдыратты.
Забур жырлары 17:15
Ал Яһуда бұдан былай бос қалмайды. Иерусалимді де ұрпақтан ұрпаққа мекендейтін болады. Мен олардың әлі кешірілмеген, қан төгіп жасаған күнәларын кешіремін». Сонымен Жаратқан Ие Сионда тұратын болады.
Жоел 3:20–21
«Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. —
Зәкәрия 2:10
Қарғалған еш нәрсе де осы қаладан табылмайды. Құдай мен Тоқтының отырған тағы қаланың ішінде. Құдайдың қызметшілері Оған бас ұра қызмет етіп,
Аян 22:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 30 сәу.
2013 ж. 29 сәу.
2013 ж. 28 сәу.
2013 ж. 27 сәу.
2013 ж. 26 сәу.
2013 ж. 25 сәу.
2013 ж. 24 сәу.

Бейбітшілік
Өмірдің ең қиын жағдайларының ортасында да Құдайдың сүйіспеншілігінде ішкі тыныштық пен демалысты қалай…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Христология
«Толықтай сүйкімді» деген еврей сөзінің мағынасын зерттеп, неліктен Мәсіх қана адам жүрегінің әрбір қалауын…

Құдай Патшалығы
Құдай Патшалығының қазіргі және болашақ жағдайын түсініңіз. Мәсіхшілердің қажылар ретінде қалай өмір сүруге…

Ақталу
Ізгі хабар «Адам Құдай алдында қалай әділ бола алады?» деген сұраққа жауап береді. Ақталу тұжырымдамасы…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…