Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 12 шілде, жұма

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.

Мысырдан шығу 33:14

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Заңды қайталау 31:6

Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!»

Заңды қайталау 31:8

Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады».

Ешуа 1:9

Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Нақыл сөздер 3:6

Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.

Еврейлерге хат 13:5–6

Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.

Қорынттықт. 2-хат 3:5

Азғырылуымызға жол бермей, Бізді жамандықтан сақтай гөр. (Патшалық, құдірет және ұлылық Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)

Матай 6:13

«Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.

Еремия 10:23

Өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық.

Еврейлерге хат 10:24

Әрине, әділ сөздер адамның жанын сыздатады. Ал сендердің сын сөздерің нені дәлелдейді?

Әйүп 6:25

Сүйікті бауырластарым, бұл менің сендерге жазған екінші хатым. Екеуінде де осы жайттарды естеріңе түсіре отырып, шындап ойлануларыңа түрткі салмақ болдым.

Петірдің 2-хаты 3:1

Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген.

Малахи 3:16

Сендерге мынаны да айтамын: жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек.

Матай 18:19

Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші жасап берейін», — деді.

Жаратылыстың баст. 2:18

«Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады. Біреуі құласа, жолдасы сүйеп, тұрғызады. Алайда құлағанда сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын!

Уағыздаушы 4:9–10

Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!

Римдіктерге хат 14:13

Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.

Ғалаттықт. хат 6:2

Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар!

Ғалаттықт. хат 6:1

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 11 шіл.

    Еремия 15:20 · Ишая 49:24–26

  • 2013 ж. 10 шіл.

    Матай 10:24 · Жохан 13:13

  • 2013 ж. 9 шіл.

    Зәкәрия 3:4 · Забур жырлары 32:1

  • 2013 ж. 8 шіл.

    Жоханның 1-хаты 1:9 · Забур жырлары 51:3–4

  • 2013 ж. 7 шіл.

    Матай 4:1 · Еврейлерге хат 5:7–9

  • 2013 ж. 6 шіл.

    Қолостықт. хат 4:6 · Нақыл сөздер 25:11–12

  • 2013 ж. 5 шіл.

    Жоханның 1-хаты 4:16 · Ефестікт. хат 2:4–7

Ұқсас мақалалар

  • «Киелі Рухтың майлануы қалай болады?»

    Киелі Рух

    «Қасиетті Рухтың майлануы қалай болады?»

    Қасиетті Рухтың майлануын, оның ажырату мақсатын және Рухқа шомылдыру рәсімінен қалай ерекшеленетінін…

    2026 ж. 20 мам.·Белгісіз
  • Құдай сізді отбасыңызға Құдайлық мақсатпен орналастырды

    Отбасы

    Құдай сізді отбасыңызға Құдайлық мақсатпен орналастырды

    Құдай сізді отбасыңызға ерекше дарындармен, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін стратегиялық түрде…

    2025 ж. 19 шіл.·Пэт Стюарт
  • Отниэль мен Ақса: Сенім мен мойынсұну сабақтары

    Сенім

    Отниэль мен Ақса: Иман мен мойынсұну сабақтары

    Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…

    2025 ж. 19 мам.·Дэвид Пикеринг
  • Әке мен Ұл: Мәңгілік Құдайлық қарым-қатынас

    Иса Мәсіх

    Әке мен Ұл: Мәңгілік Құдайлық Қарым-қатынас

    Құдайдың Ұлы Адамзатқа келді, бірақ Ұл ретінде туылу мүлдем қатысты емес. Мәсіх сенушілер сияқты Құдайдан…

    2025 ж. 20 мам.·Лесли Грант
  • Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Эсхатология

    Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

    2025 ж. 20 қар.
  • Бата мен даналық үшін Құдай Сөзін ыждағаттылықпен зерттеңіз

    Киелі кітапты зерттеу

    Құдай Сөзін бата мен даналық үшін ыждағаттылықпен зерттеңіз

    Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

    2025 ж. 1 нау.·Пол Альбертс
  • «Киелі Рухтың майлануы қалай болады?»

    Киелі Рух

    «Қасиетті Рухтың майлануы қалай болады?»

    Қасиетті Рухтың майлануын, оның ажырату мақсатын және Рухқа шомылдыру рәсімінен қалай ерекшеленетінін…

    2026 ж. 20 мам.·Белгісіз
  • Құдай сізді отбасыңызға Құдайлық мақсатпен орналастырды

    Отбасы

    Құдай сізді отбасыңызға Құдайлық мақсатпен орналастырды

    Құдай сізді отбасыңызға ерекше дарындармен, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін стратегиялық түрде…

    2025 ж. 19 шіл.·Пэт Стюарт
  • Отниэль мен Ақса: Сенім мен мойынсұну сабақтары

    Сенім

    Отниэль мен Ақса: Иман мен мойынсұну сабақтары

    Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…

    2025 ж. 19 мам.·Дэвид Пикеринг
  • Әке мен Ұл: Мәңгілік Құдайлық қарым-қатынас

    Иса Мәсіх

    Әке мен Ұл: Мәңгілік Құдайлық Қарым-қатынас

    Құдайдың Ұлы Адамзатқа келді, бірақ Ұл ретінде туылу мүлдем қатысты емес. Мәсіх сенушілер сияқты Құдайдан…

    2025 ж. 20 мам.·Лесли Грант
  • Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Эсхатология

    Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

    2025 ж. 20 қар.
  • Бата мен даналық үшін Құдай Сөзін ыждағаттылықпен зерттеңіз

    Киелі кітапты зерттеу

    Құдай Сөзін бата мен даналық үшін ыждағаттылықпен зерттеңіз

    Христиан діни қызметкерлері мен мұғалімдері Киелі Жазбада айтылған белгілі бір тақырып немесе адам туралы…

    2025 ж. 1 нау.·Пол Альбертс