Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
Ефестікт. хат 2:8
Күнделікті нұр
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый.
Ефестікт. хат 2:8
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге хат 11:6
Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.
Жохан 3:18
Баланың әкесі (көзіне жас алып) дереу: — Мен сенемін. Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді.
Марқа 9:24
Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді мынаған қарап білеміз:
Жоханның 1-хаты 2:5
Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болғандар үшін сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес. Біз үшін ең маңыздысы — сүйіспеншілікпен әрекет жасайтын сенім.
Ғалаттықт. хат 5:6
Қандай ақымақтық! Ей, пенде, игі іс-әрекетсіз сенімнің пайдасыз екенін ұқпайсың ба?
Жақыптың хаты 2:20
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8–9
Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер. Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Жақыптың хаты 5:11
Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,
Забур жырлары 103:13
Турашыл жанға түнекте таң атады, Ол рақымды, мейірбан, әділ болады, Мұқтажға қайырыммен қарыз береді, Әрі істерін әділдікпен жүргізеді, Содан оның өзі де жақсылық көреді.
Забур жырлары 111:4–5
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған. Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.
Забур жырлары 121:3–4
Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:11–12
Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің Берік рақымынан Жаратқан Иенің, Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, Жаңара береді ол таң атқан сайын. Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
Жоқтау 3:22–23
Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көрді. Оларға жаны ашып, араларындағы ауру адамдарды сауықтырды.
Матай 14:14
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі!
Матай 10:30
Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді.
Матай 10:29
Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
Матай 10:31
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 31 шіл.
2013 ж. 30 шіл.
2013 ж. 29 шіл.
2013 ж. 28 шіл.
2013 ж. 27 шіл.
2013 ж. 26 шіл.
2013 ж. 25 шіл.

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…

Қайғы
Әйүптің өлімді жеңуі және Құдайдың сынақтар арқылы көрсеткен нәзік мейірімі туралы ежелгі куәлігін зерттеңіз…

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Құдайға сүйену
«Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Ақталу
Ізгі хабар «Адам Құдай алдында қалай әділ бола алады?» деген сұраққа жауап береді. Ақталу тұжырымдамасы…