Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Күнделікті нұр
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Бейнет шеккендер Жаратқан Иеден жаңадан қуаныш тауып, мүсәпірлер Исраилдің Киелі Құдайына шаттана ән салатын болады.
Ишая 29:19
— Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар! Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.
Матай 18:3–4
Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Петірдің 1-хаты 3:4
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды, Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
Қорынттықт. 1-хат 13:4
Ал сен, Құдайдың таңдаған адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділ, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім мен сүйіспеншілікке, төзімділік пен ілтипаттылыққа ұмтыла бер.
Тімотеге 1-хат 6:11
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің.
Матай 11:29
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21–23
Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты: — Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
Лұқа 9:23
Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, бәрібір адалмыз.
Қорынттықт. 2-хат 6:8
Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.
Тімотеге 2-хат 3:12
Ал маған келсек, бауырластар: егер мен (біреулер айтқандай) әлі де сүндеттелудің қажеттігін уағыздап жүрген болсам, неге күні бүгінге дейін қудаланудамын? Сонда Мәсіхтің айқышта жанын құрбан еткені туралы уағыздарым яһуди діндарларының ашуын қоздырмас еді ғой.
Ғалаттықт. хат 5:11
Ал енді, мен мұны адамға не Құдайға жағу үшін айтып отырмын ба? Жоқ, мен адамдарға ұнауға тырыспаймын, әйтпесе Мәсіхтің қызметшісі бола алмас едім.
Ғалаттықт. хат 1:10
Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар, себебі ұлылыққа бөлейтін Құдайдың Рухы сендерге орнығады. Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс! Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.
Петірдің 1-хаты 4:14–16
Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі.
Філіпілікт. хат 1:29
Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
Қорынттықт. 2-хат 5:14–15
Егер қиыншылықтарға төзе берсек, Онымен бірге патшалық ететін де боламыз. Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ, Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ.
Тімотеге 2-хат 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 31 там.
2013 ж. 30 там.
2013 ж. 29 там.
2013 ж. 28 там.
2013 ж. 27 там.
2013 ж. 26 там.
2013 ж. 25 там.

Тиатира
Тиатирадағы шіркеуге Мәсіхтің хабарын зерттеңіз, Оның билігіне, ажырата білетін көздеріне және Изабелдің…
Мейірім
Құтқарылудың заңдылықпен немесе заңды сақтаумен емес, рақым мен сенім арқылы келетінін біліңіз. Рақымның…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…
Сенім
2 Тімотеге хатындағы «Мәсіх Исада» деген сөз тіркесінің қиын уақыттарда жеңіске жету үшін мол ресурстарды…
Рухани өсу
Бұл тізім Құдайдың қызметшілеріне өздерінің рухани өмірін, әдеттерін және мінез-құлқын Киелі кітап…