Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2013 ж. 15 қыркүйек, жексенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Күнә сендерге билігін жүргізбеуі керек, себебі сендер енді Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынасыңдар. «Бұдан қандай қорытынды шығады? Біз Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынғандықтан, күнә жасай берейік пе?» Жоқ, олай істеуге болмайды!

Римдіктерге хат 6:14–15

Сол сияқты сендер де, бауырластарым, Мәсіхтің тәні өлгенде рухани тұрғыдан Онымен бірге «өлдіңдер», сонымен Таурат заңын орындау міндетінен босадыңдар. Енді сендер басқа Біреудің қарамағындасыңдар: Ол — өлімнен қайта тірілген Мәсіх. Сондықтан біз Құдайға қызмет етіп, рухани жеміс бере аламыз.

Римдіктерге хат 7:4

Таурат заңын білмейтін басқа халықтарды Мәсіхке әкелу үшін Тауратты білмейтіндей араларында өмір сүремін. Бұл, Құдайдың заңынсыз жүремін деген сөз емес, шынында мен Мәсіхтің өсиеттеріне мойынсұнып келемін.

Қорынттықт. 1-хат 9:21

Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады. Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.

Қорынттықт. 1-хат 15:56–57

Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.

Римдіктерге хат 8:2

Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы.

Жохан 8:34

Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар.

Жохан 8:36

Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!

Ғалаттықт. хат 5:1

ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам.

Жақыптың хаты 1:8

Иса оған: — Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.

Лұқа 9:62

Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.

Еврейлерге хат 11:6

Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін:

Жақыптың хаты 1:6–7

Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.

Марқа 11:24

Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз. Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.

Ефестікт. хат 4:14–15

Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.

Жохан 15:4

Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.

Қорынттықт. 1-хат 15:58

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2013 ж. 14 қыр.

    Ишая 51:12 · Қорынттықт. 2-хат 1:3–4

  • 2013 ж. 13 қыр.

    Жохан 7:37 · Забур жырлары 84:2

  • 2013 ж. 12 қыр.

    Ишая 57:18 · Мысырдан шығу 15:26

  • 2013 ж. 11 қыр.

    Римдіктерге хат 12:2 · Мысырдан шығу 23:2

  • 2013 ж. 10 қыр.

    Еремия 32:9 · Езекиел 36:26

  • 2013 ж. 9 қыр.

    Лұқа 1:53 · Аян 3:17–19

  • 2013 ж. 8 қыр.

    Даниял 5:27 · Патшалықтар 1-ж. 2:3

Ұқсас мақалалар

  • Сенім нені білдіреді: Бүкіл болмысыңды Мәсіхке арнау

    Сенім

    Сенім деген не: Бүкіл болмысыңды Мәсіхке арнау

    Джон Патонның аударма жұмысы сенімнің бүкіл болмысыңды Құдай Сөзіне арту екенін көрсетті. Құдайға толық…

    2026 ж. 13 мау.·Белгісіз
  • Қайғы

    Қиыншылықтарды жеңу: Құдайдан үміт пен күш табу

    Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…

    2021 ж. 4 қаң.
  • Сенім

    Құдай бізді күтеді: Сеніммен және мойынсұнумен алға жылжу

    Біз көбінесе Құдайды күтсек те, Ол да біздің сеніммен әрекет етуімізді күтеді. Мойынсұнумен алға жылжудың…

    2021 ж. 30 там.
  • Құдайдың сүйіспеншілігі

    Иса Мәсіхтің сәтсіз сүйіспеншілігінде қалай қалу керек

    Куәлігіңіз бен бірлігіңізді сақтау үшін мойынсұну арқылы Мәсіхтің сүйіспеншілігінде болыңыз. Оның өсиеттерін…

    2024 ж. 2 мау.·Гамильтон Смит
  • Қорғау

    Құдайдың қорғаныш қоршауы: Өмір сынақтары арқылы сену

    Құдайдың Өз балаларын өмір сынақтары арқылы қалай қорғайтынын, тіпті жағдайларды түсіну қиын болған кезде де…

    2021 ж. 19 қыр.
  • Исаның Киелі жазбаларды қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Иса Мәсіх

    Исаның Киелі жазбаны қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

    2026 ж. 25 сәу.·Д.В. Патерсон
  • Сенім нені білдіреді: Бүкіл болмысыңды Мәсіхке арнау

    Сенім

    Сенім деген не: Бүкіл болмысыңды Мәсіхке арнау

    Джон Патонның аударма жұмысы сенімнің бүкіл болмысыңды Құдай Сөзіне арту екенін көрсетті. Құдайға толық…

    2026 ж. 13 мау.·Белгісіз
  • Қайғы

    Қиыншылықтарды жеңу: Құдайдан үміт пен күш табу

    Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…

    2021 ж. 4 қаң.
  • Сенім

    Құдай бізді күтеді: Сеніммен және мойынсұнумен алға жылжу

    Біз көбінесе Құдайды күтсек те, Ол да біздің сеніммен әрекет етуімізді күтеді. Мойынсұнумен алға жылжудың…

    2021 ж. 30 там.
  • Құдайдың сүйіспеншілігі

    Иса Мәсіхтің сәтсіз сүйіспеншілігінде қалай қалу керек

    Куәлігіңіз бен бірлігіңізді сақтау үшін мойынсұну арқылы Мәсіхтің сүйіспеншілігінде болыңыз. Оның өсиеттерін…

    2024 ж. 2 мау.·Гамильтон Смит
  • Қорғау

    Құдайдың қорғаныш қоршауы: Өмір сынақтары арқылы сену

    Құдайдың Өз балаларын өмір сынақтары арқылы қалай қорғайтынын, тіпті жағдайларды түсіну қиын болған кезде де…

    2021 ж. 19 қыр.
  • Исаның Киелі жазбаларды қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Иса Мәсіх

    Исаның Киелі жазбаны қолдануы және оның біздің сенімімізге әсері

    Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

    2026 ж. 25 сәу.·Д.В. Патерсон