Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.
Лұқа 1:53
Күнделікті нұр
Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.
Лұқа 1:53
«Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің! Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды» Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін. Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал! Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
Аян 3:17–19
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады!
Матай 5:6
«Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын;
Ишая 41:17
Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар!
Ишая 55:2
Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
Жохан 6:35
Өзің таңдап алған ежелгі заманда Халқың екенімізді есіңде сақташы: Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша. Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы:
Забур жырлары 73:2
Иеміз Иса Шимон Петірге: — Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді. Бірақ Мен сенімің таусылмасын деп сен үшін мінажат еттім. Сен Құдай жолына қайтқаннан кейін бауырластарыңның сенімін нығайтатын бол, — деп ескертті. Ал Петір:
Лұқа 22:31–32
Жеті рет жығылса да әділ жан, Қайта тұрып кетер орнынан, Ал зұлым құрып кетер апаттан.
Нақыл сөздер 24:16
«Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим. —
Миха 7:8
Құдай сені алты рет қиыншылықтан құтқарады. Апат тіпті жетеу болса да, саған жоламайды.
Әйүп 5:19
Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 8 қыр.
2013 ж. 7 қыр.
2013 ж. 6 қыр.
2013 ж. 5 қыр.
2013 ж. 4 қыр.
2013 ж. 3 қыр.
2013 ж. 2 қыр.
Иса Мәсіх
Исаның он екі жасында ғибадатханада болған библиялық оқиғасын зерттеңіз, Оның Құдайдың еркіне ерте бастан…
Мәңгілік қауіпсіздік
Құдайдың түпкілікті бақылауы Исаның өлімі мен арашасы арқылы біздің мәңгілік қауіпсіздігімізді қамтамасыз…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың жетелеуі
Иса Мәсіх — біздің қатесіз жолбасшымыз, ол бізді өмірдің қауіп-қатерлері арқылы киелілікке, бақытқа және ақыр…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…