Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2026 ж. 9 ақпан, дүйсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді: — Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.

Лұқа 16:25

Сенде күн мен ай батып, қараңғылық жайламайды, себебі Мен, Жаратқан Ие, саған мәңгі бақи нұр боламын. Қайғырған кезеңің осымен аяқталады.

Ишая 60:20

Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.

Ишая 25:8

— Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.

Аян 7:14–17

Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

Аян 21:4

Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.

Жохан 9:4

Сол кезде мен көктен былай деген дауысты естідім: — Мынаны жаз: Бұдан былай Жаратқан Иемен тығыз байланыста болып қайтыс болғандар бақытты! — Киелі Рух соны бекітіп былай дейді: — Иә, олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек. Істеген игі істерінің жемісі олардан айырылмайды.

Аян 14:13

Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.

Әйүп 3:17

Самуил Саулға: — Сен неге мазамды алып, мені шақыртып тұрсың? — деп наразылық білдірді. Саул: — Мен қатты қорқып тұрмын. Філістірлер маған қарсы соғыс ашты. Ал Құдай менен бас тартып, енді маған не пайғамбарлар, не түс арқылы жауап бермей отыр. Сол себепті маған не істеуім керек екенін білдіру үшін сізді шақырттым, — деді.

Патшалықтар 1-ж. 28:15

Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.

Уағыздаушы 9:10

Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды. Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.

Тімотеге 2-хат 4:6–8

Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар. Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.

Еврейлерге хат 4:9–10

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 8 ақп.

    Жохан 15:15 · Жаратылыстың баст. 18:17

  • 2026 ж. 7 ақп.

    Заңды қайталау 8:10–11 · Лұқа 17:15–18

  • 2026 ж. 6 ақп.

    Тімотеге 1-хат 1:14 · Қорынттықт. 2-хат 8:9

  • 2026 ж. 5 ақп.

    Жохан 10:10 · Жаратылыстың баст. 2:17

  • 2026 ж. 4 ақп.

    Заңды қайталау 17:16 · Еврейлерге хат 11:15–16

  • 2026 ж. 3 ақп.

    Хаққай 2:4 · Жохан 15:5

  • 2026 ж. 2 ақп.

    Шежірелер 1-ж. 4:10 · Лұқа 22:46

Ұқсас мақалалар

  • Мәсіхтің ұлылығы және Жоханның Аян 1-дегі шәкірттігі

    Иса Мәсіх

    Мәсіхтің ұлылығы және Жоханның Аян 1-дегі шәкірттігі

    Жоханның жазбалары Иеміз Иса Мәсіхтің ұлылығын көрсетуімен бізді таң қалдырады. Оның Інжілі басқа Інжілдерден…

    2025 ж. 9 мау.·Альфред Баутер
  • Аян кітабындағы Иса Мәсіх сот және патша ретінде

    Иса Мәсіх

    Аян кітабындағы Иса Мәсіх Төреші және Патша ретінде

    Аян кітабы Иса Мәсіхтің әділ Төреші және келе жатқан Патша ретінде қалай көрсетілетінін зерттеңіз, Ол сотты…

    2024 ж. 9 қаз.·Белгісіз
  • Екінші келу

    Осы Жаңа Жылда біз қандай адамдар болуымыз керек?

    Жаңа жыл сенушілерді Мәсіхті бірінші орынға қоюға шақырады, Оның уәде етілген қайтып келуін және құтқарылудың…

    2018 ж. 1 қаң.·Пол Альбертс
  • Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Жаратылыш

    Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

    2025 ж. 12 мам.·Алан Кросби
  • «Өйткені Онда Құдайлықтың барлық толықтығы денелік түрде мекендейді»

    Иса Мәсіх

    «Өйткені Онда Құдайлықтың барлық толықтығы тәнмен тұрады»

    Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

    2025 ж. 6 мам.·Милтон Джеймисон
  • Дауыл кезінде Құдайға сену: Киелі жазбалардан алынған сабақтар

    Рухани өсу

    Дауылдар арқылы Құдайға сену: Киелі жазбалардан алынған сабақтар

    Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

    2024 ж. 8 қыр.·Рамон Сальсидо