Содан кейін Жаратқан Ие Өзі айтқандай, Сараға рақымын түсіріп, берген уәдесін орындады.
Жаратылыстың баст. 21:1
Күнделікті нұр
Содан кейін Жаратқан Ие Өзі айтқандай, Сараға рақымын түсіріп, берген уәдесін орындады.
Жаратылыстың баст. 21:1
Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.
Забур жырлары 62:8
6-Сарбаздар ұл-қыздарын жоқтап, ызаланып, тіпті: «Дәуітті таспен атқылап өлтіреміз!» — десті. Осылайша Дәуіттің жағдайы аса қиын болды. Алайда ол Құдай Иесіне сиынып, Одан қайрат-жігер алды. Содан Дәуіт Ахимәлік ұлы Абиятардан: «Бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киімін алып келіңіз», — деп өтінді. Діни қызметкер оны әкелген соң,
Патшалықтар 1-ж. 30:6
Жүсіп бауырларына: «Мен жуырда дүниеден қайтамын. Алайда Құдай рақымшылық жасап, сендерді осы елден сөзсіз алып шығып, Өзі Ыбырайымға, Ысқаққа және Жақыпқа ант беріп, уәде еткен еліне бастап апаратын болады», — деді.
Жаратылыстың баст. 50:24
Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, күңіренген ыңқылына құлақ салып келемін. Сондықтан Мен оларды азат ету үшін көктен түстім. Кәне, жүр, Мен сені Мысырға жіберемін!»
Елшіл. істері 7:34
Осы Мұса бауырластарын бастап алып шығып, Мысырда және Қызыл теңізде, одан кейін қырық жыл бойы айдалада көшіп-қонып жүргенде, Жаратқан Иенің құдіретін көрсететін кереметтер жасады.
Елшіл. істері 7:36
Жаратқан Иенің Исраил халқына берген игілікті уәделерінің бірде-біреуі орындаусыз қалмай, барлығы да жүзеге асты.
Ешуа 21:45
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Еврейлерге хат 10:23
Құдай өтірік айтатын пенде емес, Ойын өзгерте беретін адам да емес. Ол айтса, сонысын іске асырмай ма, Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?
Руларды санау 23:19
Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Матай 24:35
Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады.
Ишая 40:8
Құдай пенделердің Өзіне қызмет етуіне де зәру емес. Қайта, Оның Өзі барлығына өмір, дем және қажеттінің бәрін сыйлайды.
Елшіл. істері 17:25
Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды, Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды, Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды.
Забур жырлары 145:9
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Матай 6:26
Бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды.
Римдіктерге хат 10:12
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.) «Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым.
Забур жырлары 121:1
Егер де Жаратқан жар болмағанда, Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
Забур жырлары 123:2
Сондықтан Жаратқан Ие сендердің Өзіне қайтып келіп, рақымына ие болуларыңды сағына күтуде. Ол орнынан тұрып, сендерге мейірбандық көрсетуге дайын. Өйткені Жаратқан Ие — әділ Құдай. Оған сенім артып Оны күтетіндер қандай бақытты!
Ишая 30:18
Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз, Оны аңсап Оған сенім артамыз. Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:9
Енді біз әлі де орындалмаған нәрсеге үміт артқандықтан, оны сабырмен сағына күтеміз.
Римдіктерге хат 8:25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 23 сәу.
2026 ж. 22 сәу.
2026 ж. 21 сәу.
2026 ж. 20 сәу.
2026 ж. 19 сәу.
2026 ж. 18 сәу.
2026 ж. 17 сәу.

Ниневия
Нахум Елкоштықтың аян кітабы – Жаратқан Иенің Ниневияға не істейтіні туралы аян кітабы. Жаратқан Ие былай…

Киелі Рух
Қасиетті Рухтың майлануын, оның ажырату мақсатын және Рухқа шомылдыру рәсімінен қалай ерекшеленетінін…

Құдайдың адалдығы
Адам ретінде біз Оны адамзат туралы түсінігімізбен өлшеу немесе бағалау қаупіндеміз. Бірақ Ол әлдеқайда ұлы –…

Ақталу
Ізгі хабар «Адам Құдай алдында қалай әділ бола алады?» деген сұраққа жауап береді. Ақталу тұжырымдамасы…

Дұға
Екі адам басқалардан өздері үшін дұға етуін сұрады. Біріншісі достарынан оның ауруынан айығуы үшін дұға етуін…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…