Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2026 ж. 30 сәуір, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Құдайға деген сүйіспеншілік Оның сөзін орындаған кісіде шын мәнінде толық болып, мақсатына жетті. Құдаймен тығыз байланыста екенімізді мынаған қарап білеміз:

Жоханның 1-хаты 2:5

Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. Иеміз өз қанын төгіп құрбан болуымен мәңгілік Жаңа Келісімді бекіткендіктен, сенушілер қауымының Ұлы Бағушысы болды. Лайым Құдай Өзінің айтқандарын орындауларың үшін сендерге қажетті барлық жақсылықты дарыта көрсін, әрі Өзіне ұнайтын игі істерді Иса Мәсіхтің қолдауымен сендерге жасата берсін. Мәсіхтің ұлылығы мәңгілік мадақтала берсін! Аумин.

Еврейлерге хат 13:20–21

Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.

Жоханның 1-хаты 2:3

Иса былай деп жауап берді: — Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз.

Жохан 14:23

Сондықтан кім Мәсіхпен тығыз байланыста тұрса, сол күнә жасай бермейді. Күнә жасай беретін әркім Оны көрген де, таныған да емес. Балаларым менің, сендерді ешкім де күнә жасауға азғырмасын! Әділдік істеуші адам Мәсіхтің Өзі сияқты әділ болады.

Жоханның 1-хаты 3:6–7

Мәсіхтің осы дүниеде қалай өмір сүргеніндей өмір сүрсек, онда Құдайдың сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жетеді. Осылай қиямет сотында нық сенімді боламыз.

Жоханның 1-хаты 4:17

Түсінігі мол — ұстамды жанның, Ақымақтығы аян — ашушаңның.

Нақыл сөздер 14:29

Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады: «Жаратқан Ие! Жаратқан Ие! Құдай мейірімді де қайырымды, Тез қаһарланбайтын да өте рақымды. Құдай әрдайым сөзінде тұрады;

Мысырдан шығу 34:6

Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!

Петірдің 2-хаты 3:9

Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар! Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер! Оның өз жанын қиғаны Құдайға ұнамды, хош иісті құрбандық іспетті болды.

Ефестікт. хат 5:1–2

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Ғалаттықт. хат 5:22–23

Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза. Бірақ егер жасаған жамандықтарыңа лайықты соққыға шыдасаңдар, оның несі мақтарлық? Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды. Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.

Петірдің 1-хаты 2:19–21

Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.

Петірдің 1-хаты 2:23

«Ашуланғанда күнә жасамаңдар!» деп (Забурда) жазылған. Күн батпай тұрып, ашу­ла­рыңнан ба­с тартың­дар,

Ефестікт. хат 4:26

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2026 ж. 29 сәу.

    Патшалықтар 1-ж. 12:24 · Заңды қайталау 8:2

  • 2026 ж. 28 сәу.

    Жохан 1:29 · Еврейлерге хат 10:4–7

  • 2026 ж. 27 сәу.

    Қорынттықт. 1-хат 7:29 · Әйүп 14:1–2

  • 2026 ж. 26 сәу.

    Таңдаулы ән 2:6 · Заңды қайталау 33:27

  • 2026 ж. 25 сәу.

    Матай 1:21 · Жоханның 1-хаты 3:5

  • 2026 ж. 24 сәу.

    Жаратылыстың баст. 21:1 · Забур жырлары 62:8

  • 2026 ж. 23 сәу.

    Забур жырлары 18:18 · Еремия 3:23

Ұқсас мақалалар

  • Жиналыстың болашағы: Үміт, сот және мәңгілік одақ

    Шіркеу

    Қауымның болашағы: Үміт, Сот және Мәңгілік Бірлік

    Киелі жазбада болжанған шіркеудің болашағын, соның ішінде көтерілуді, Мәсіхтің сот тағын және Мәсіхпен…

    2026 ж. 25 мам.·Белгісіз
  • Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Эсхатология

    Иса Мәсіхтің кенеттен және тез келуі

    Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

    2025 ж. 20 қар.
  • Еремия: қарсылыққа қарамастан адалдық қаһарманы

    Құдайдың соты

    Еремия: Қарсылыққа қарамастан адалдық қаһарманы

    Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

    2025 ж. 8 жел.
  • Мәңгілік өмір деген не? Құдайдың Иса арқылы берген сыйын түсіну

    Мәңгілік өмір

    Мәңгілік өмір деген не? Иса арқылы Құдайдың сыйын түсіну

    Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

    2025 ж. 10 мам.·Ширин Гобриал
  • Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Жаратылыш

    Құдайдың жаратылысын, уақытты, мәңгілікті және жұмақты түсіну

    Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

    2025 ж. 12 мам.·Алан Кросби
  • Христианның Құдайға тәуелділігі адамның тәуелсіздігіне қарсы

    Құдайға сүйену

    Христианның Құдайға тәуелділігі және адамның тәуелсіздігі

    «Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…

    2026 ж. 6 мау.·Пол Альбертс