«Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді?
Заңды қайталау 3:24
Күнделікті нұр
«Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді?
Заңды қайталау 3:24
Сен лезде-ақ алып кетесің пендені, Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді, Яки далада өскен шөп тәрізді: Таң ата шықса да көгеріп, Кешке қарай қурап қалады семіп.
Забур жырлары 89:6
Сен күнәларымызды қойдың алдыңа, Нұрыңда айқын құпияларымыз да.
Забур жырлары 89:8
өз уәдең мен еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, оны алдыңдағы пендеңе білдірдің. Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.
Патшалықтар 2-ж. 7:21–22
Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.
Қорынттықт. 1-хат 2:9–10
Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған. Сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек.
Заңды қайталау 29:29
Сондықтан: «Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» — деп (Пайғамбарлар жазбаларында) жазылғандай істеңдер.
Қорынттықт. 1-хат 1:31
Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым, әділет пен әділдікті жүзеге асыратынымды біліп-түсінетінімен мақтансын! Себебі Мен осылардан рақат табамын. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін.
Еремия 9:23–24
Иә, мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі.
Філіпілікт. хат 3:8
Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!
Римдіктерге хат 1:16
Сондықтан мен Иса Мәсіхпен тығыз байланыста жүріп, Құдай үшін атқарған жұмысымды мақтан тұтамын.
Римдіктерге хат 15:17
Ханна былай деп сиынды: Жаратқанға шын жүректен шаттанамын, Иемнен мол күш пен абырой алғанмын, Дұшпандарыма жауап қата аламын, Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын!
Патшалықтар 1-ж. 2:1
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Забур жырлары 115:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 17 там.
2026 ж. 16 там.
2026 ж. 15 там.
2026 ж. 14 там.
2026 ж. 13 там.
2026 ж. 12 там.
2026 ж. 11 там.

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…

Мәсіхшілік өмір
Сүлейменнің жырынан Мәсіхтің сенушілерге, оның шіркеуіне және еврей қалдығына деген сүйіспеншілігінің өсіп…

Шәкірттік
Павелдің Тімотеге жазған хатын зерттеңіз, оны рақымда күшті болуға, рухани сыйын жандандыруға және Сөзді…

Христология
«Толықтай сүйкімді» деген еврей сөзінің мағынасын зерттеп, неліктен Мәсіх қана адам жүрегінің әрбір қалауын…

Жаңа сенушілер
Жаңа сенушілер, христиандық жолыңыз үшін маңызды нұсқаулықты табыңыз. Мәңгілік өмір, сенімді бөлісу, дұға…
Жігерлендіру
Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…